қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2019

«Өнердің өрелі биіктігіндегі түлектер»

 

29 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық мерей тойына орай («Көркем сурет» факультетінің) «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша «Өнердің өрелі биіктігіндегі түлектер» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.


Іс-шараға ректор Такир Балықбаев, Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов, институттың әр жылдардағы бітірген түлектері: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Байтұрсын Өмірбеков, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, Суретші, кескіндемеші, доцент Әбдуали Төлебиев, «Құралай» сән үйінің басшысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры Құралай Нұрқаділова, Алматы облысы, СО-ның төрағасы, академик, порфессор Ермұхан Жүнісхан, «Қазақ үні» газетінің Президенті, ақын Иса Қазыбек, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.


Іс-шарада ӨМжСИ-ның ұжымы дайындаған оқытушы құрамы мен студенттердің қолөнер туындылары және сурет көрмесі ашылып, сонымен қатар музыкалық бөлімнің өнерпаздары мерекелік кеш өткізді. Кездесу барысында түлектер өздерінің білім жолындағы тәжірибесі, өмір және өнер жолындағы жетістіктерімен бөлісті. Институт студенттері тәрбиелік маңызға ие құндылықтарды бойларына сіңіре білді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler