қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2019

ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

  

 

4-6 сәуір аралығында тұңғыш педагогикалық жоғарғы білім берудің ірге тасын қалаған «Көркем сурет» факультетінің 50 жылдық мерейтойына орай Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттеріне арналған ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.


Ашылу салтанатына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққажа Қожағұлов, XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Садвакас Мырзаханов, сондай-ақ, «Көркем білім беру» кафедрасының меңгерушісі Құрманғазы Жеделов қатысты.


Олимпиада білімнің жаңа шыңдарын бағындыруға, өмірде, болашақ кәсіпте, өз елінің даңқын шығаратын және жеңіске жету үшін көп жұмыс істеуге дайын аса дарынды және мақсатты студенттердің бүгін жоғары технологиялар ғасырында пайдалы, әрі беделді, жақсы білім алуына, осы межені ойдағыдай еңсеруге көмектеседі.

 

Жас таланттардың, педагогтардың және тәлімгерлердің қажырлы еңбегі I, II, III - ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler