қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2019

ӨМжСИ-дың Ғылым онкүндігіндегі іс- шаралары

 

Өнер, мәдениет және спорт институтында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі жоспарына сәйкес іс- шаралар өткізілді.

 

4 сәуірде 504 дәрісханада жас дизайнерлердің студенттік көркем суреттік көрмесінің ашылуы болды. Көрмені ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, жас дарындыларға жетістіктер мен шығармашылық жеңістерге жетуге тілек білдірді. ӨМжСИ-дың директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары Наталья Михайлова мен Дизайн кафедрасының меңгерушісі Ерболат Кісімісов құттықтау сөз айтып өтті.


Көрмеде графикалық дизайн, архитектуралық шағын жобалар, әртүрлі киім үлгілері бойынша шығармашылық жұмыстар көрсетілді.

 

10 сәуірде дизайн кафедрасы бірінші рет А. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебімен бірлескен мерейлік олимпиадасын өткізді. Олимпиадада 70-тен астам оқушылар қатысты. Конкурс үш мамандық бойынша өткізілді: «Кескіндеме», «Графика», «Дизайн». Олимпиада А. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебінің оқушылары мен жетекшілерінің зор қызығушылығын туғызды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler