қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2019

Республикалық жас суретшілер байқауы өтті

 

24-27 сәуір аралығында университетіміздің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен, Өнер, мәдениет және спорт институтындағы «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы Базар Ырыстанұлының жетекшілігімен 1-3 курс студенттері Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Жастық шақ бояуы» республикалық жас суретшілер байқауына қатысты.


Байқауға Республика бойынша 10 -нан астам жоғары оқу орынан 50-ге жуық білімгерлер қатысып, байқау шарты бойынша Шымкент қаласындағы саябақтар мен көрнекті орындарында пленерге шығып табиғат аясында сурет салып, үй жұмыстарына арналған көрме ашылды. ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшев және университет басшылығы облыстық сурет галериясы мен т.б. мекемелерден келген қонақтардың және әділ қазылардың қатысуымен салтанатты қортындылау кешін өткізді.


Көрме қорытындысы бойынша университетіміздің 1-курс студенттері: Гүлназ Қуанышбекова 2-ші орынды иеленіп, Аружан Ералиева, Ақтолқын Нұрдәулет және 2 курс студенті: Дариға Қасенова, 3 курс студенті: Зухраб Юсуповаларға арнайы дипломдар беріліп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.


Байқауда студенттеріміз оқу және шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, тәжірибе алмастырып, жоғары нәтижеге қол жеткізе білді.

 

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

«Көркем білім» кафедрасы




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler