қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2019

Республикалық семинар-практикумы


2019 жылғы 25-27 қыркүйекте «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» Республикалық семинар-практикумы өтті. Семинарға Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал, Талдықорған, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен ғалымдар, «Көкіл» жалпы білім беретін мектебінен мұғалімдер мен әдіскерлер қатысты.


Аталған іс-шараның пленарлық мәжілісі мен секция жұмыстарына ат салысып белсенді қатысқан Өнер, мәдениет және спорт институтының Музыкалық білім және хореография кафедрасының доценті Лаура Какимова «Орта білім мазмұнының жаңартылған білім аясында музыка сабақтарын оқыту әдістемесі» баяндамасына тренинг жүргізді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler