қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.11.2019

ҚазҰПУ - ҚР педагогикалық жоғары оқу орындары арасында Web of Science Core Collection басылымы бойынша көшбасшы


Абай атындағы ҚазҰПУ Web of Science халықаралық ақпараттық аналитикалық платформасының мәліметтері бойынша «ҚР педагогикалық университеттері арасында соңғы 5 жылда Web of Science Core Collection-да жарияланым белсенділігі бойынша көшбасшы» тәуелсіз марапатының иегері атанды.


Clarivate Analytics халықаралық компаниясы ҚР БҒМ қолдауымен «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards» тәуелсіз марапатын тапсыру салтанатты рәсімін өткізеді, онда жарияланымдардың авторлары мен Қазақстанның зерттеу ұйымдары ғылымның дамуына қосқан зор үлесі үшін марапатталады.


Марапаттау рәсімі 2019 жылы 13 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби Ғылыми кітапханасы, 416 конференц-залы. Іс-шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылығы, еліміздің ғылыми, білім беру, саяси және экономикалық орта өкілдері, сондай-ақ беделді шетелдік сарапшылар қатысады деп күтілуде.



216

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler