қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.11.2019

Қадірлі әріптестер!

 

2019 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Коммуникативті лингвистика және сөзтаным» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылады:

25-28 қараша аралығында академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастырылуымен «Профессор Фаузия Оразбаева тағылымы: тұлға қалыптастырудағы 4К модулі» тақырыбында шеберлік сыныбы және республикалық деңгейдегі мектеп мұғалімдері арасында «Сөйлесім әрекетін меңгерту заманауи парадигмалар мен инновациялық технологиялар тоғысында» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні (қазақ мектептері, басқа ұлт мектептері) бойынша байқау өтеді.

 

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Достық көшесі, 13. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы (423 каб).

 



156

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler