қазақша · русский · english
 
 
 

 

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімі, жоғарғы оқу орнының студенті боламын деген әрбір абитуриентке мақсатқа жетуге көмектеседі.

 

Біздің мақсатымыз - мемлекетіміздің кез-келген жоғары оқу орнына түсу үшін, әсіресе болашақ педагогикалық мамандықтарды таңдаған тыңдаушыларға тиімді жағдай жасау!

 

Дайындық бөлімінің тыңдаушыларды ҰБТ пәндері бойынша жоғары балл жинап, мемлекеттік білім грант иегері атануына мүмкіндік беріп, Кешенді тестті (КТ) тапсыруға дайындайды.

 

Дайындық курсы бағдарламасының мазмұны:

- ағылшын тілі ( деңгейлі түрде оқыту);

- математика (алгебра, геометрия, тригонометрия, логарифмдер, есептер мен тесттерді шешу);

- орыс тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис және пунктуация? тесттер);

- қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация және тесттер);

- қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден қазіргіге дейін, тесттер);

- география (материктер географиясы, саяси география, география);

- физика (механика, динамика, кинематика, толқындар, термодинамика, оптика, толқынды оптика, кванттық физика, атом және атомдық ядро физикасы);

- химия (жалпы химия, органикалық және бейорганикалық химия, есептер шығару);

- биология (ботаника, анатомия және адам физиологиясы, жалпы биология);

Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде орта мектепке арналған білім беру бағдарламалары мен барлық тестілеу пәндері бойынша жүргізіледі.


Дайындық тобына оқуға түсу үшін керек құжаттар:

1. Өтініш (университетте толтырылады);

2. Оқу орнын бітіргені туралы түпнұсқалық құжат (аттестат, диплом);

3. Оқу орнын бітіргені туралы құжаттың орыс тілі немесе қазақ тіліне аударылған нотариалды бекітілген көшірмесі (аттестат, диплом);

4. Жеке куәлік (түпнұсқа);

6. Дәрігерлік анықтамасы (086-У);

7. Сурет 3х4 сурет (6 дана).

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай данғылы, 56 «б», 104, 212-офис. Тел./факс 8(727) 392-22-00, 8(727) 392-21-97.

 

Байланыс телефондары:

+7 747 940 74 40 Хабибуллаев Жанибек Октемович dainfak@mail.ru 

+7 707 215 93 93 Амангелді Даурен Оразгалиевич dainfak@mail.ru 

+7 747 316 65 98 Пернебекова Анар Кажденбековна dainfak@mail.ru 

 

 

5802
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler