қазақша · русский · english
 
Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы
 
 
 Сезімхан Шұғайып
Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындары орталығының директоры

Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты, 405-кабинет
 8-775-776-38-02
wuha_0423@mail.ru

 

2019 жылдың 19-ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаевтың қолдауымен «Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығы» ашылды. Ашылу салтанатына айтыстың қаранары, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайреткері, ақын Жүрсін Ерман, Мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин бастаған белгілі ақындар қатысты.


Орталықтың мақсаты университетіміздің түлегі, жасындай жарық етіп, отызға жетпей өмірден озған, қазақ айтыс өнерінде өшпес ізі қалған айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың мұрасын насихаттап, университеттегі жас ақындар шығармашылығының шыңдалуына мүмкіндіктер жасау. Орталықта дарынды айтыскер ақындар мен жас әдебиетшілерден, жазба ақындардан құралған «Жас қалам» ұйымы бас қосып, танымал ақындармен, мәдениет қайраткерлерімен шеберлік сыныптар өткізеді. Еліміздің әр өңірінде өткен айтыстар мен мүшайраларға жас таланттардың қатысуына мүмкіндік туғызып, студенттер айтысын, жыр мүшайраларын және кездесулер ұйымдастырады.

1004
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler