қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.11.2023

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

 

2023 жылдың 16 қарашасында Абай университетінде Филология институты Ахмет Байтұрсынұлы орталығы, «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының тілдік қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар жоғары деңгейде өтті. Фырат университетінің (Түркия) профессорлары Ахмет Буран, Фатих Өзек семинарда өз ойларымен бөлісіп, бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына өткізген дәріс, семинар сабақтары, тәжірибе алмасу жұмыстары нәтижелі болғандығына тоқталды.

 

10 жылдан астам уақыттан бері академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес шетелдік ғалымдарды тарту, екі жақтан да сапалы жұмыстар атқарылғаны айтылды. Ахмет Буран мен Фатих Озек «Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 95 жыл» медалімен марапатталды. Фырат университетінің ректоры Фахреттин Гөкташтың алғыс хатымен университет ректоры Болат Тілеп, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Филология институтының директоры Алуа Таңжарықова, кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова мен академиялық ұтқырлық жұмыстарының координаторы Роза Бақбергенова марапатталды. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев, халықаралық департамент қызметкерлері Қарлығаш Мұқанова, Гүлнара Жәңгірова Фырат университеті халықаралық бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Университетке Фырат университетінің естелік сыйлықтары сыйға тартылды. Университет проректорлары Ақтолқын Құлсариева, Ермек Бөрібаев ҚР-ның Қазан қаласындағы (Ресей/Татарстан) Бас консулы Ерлан Искаковтың алғыс хатымен марапатталды. Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттеріне халықаралық сертификат табысталды. Семинар ұйымдастырушылары аға оқытушы, координатор - Шоқанхан Құттыбаевқа, екі университеттің студенттері және «Сөзтаным» клубының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=