қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.04.2024

«Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын нығайту» жобасының инновациялық бағдарламалары


2024 жылдың 26-27 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын нығайту» жобасы шеңберінде инновациялық бағдарламаларды іске асыру перспективалары туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті.


Отырысқа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Джарасова, ҚР ҒЖБМ жобаларды басқару Кеңсесінің академиялық артықшылық және жаһандық бәсекеге қабілеттілік тобының жетекшісі Фатима Жақыпова, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сагинтаева, педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын нығайту: іске асыру барысы және нәтижелері жоба директоры, НАМК қолданбалы ғылымдар университетінің Жаһандық білім беру бойынша департаменті директоры Маарет Вискари (Финляндия), Бағдарламаның көшбасшысы, «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын нығайту» жобасының негізгі сарапшысы Йоханна Арлинг, «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын нығайту» жобасының негізгі сарапшысы Гүлниса Жүнісова, ҚР ҒЖБМ ЖББДҰО Басқарма кеңсесінің басшысы Амина Мухамбетова, Инклюзивті білім беру моделінің жобасы бойынша халықаралық сарапшы және тренер Лия Цермиду, Unowa Sp. Z O.O. компаниясының Бас директоры Андрей Вишняк, ADOS-2 аутизмді ерте диагностикалау әдістемесін оқыту бағдарламасының қосалқы авторы, сарапшы Елена Егорова, Ұлттық сарапшылар тобының жетекшісі Сабыржан Мадеев, «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын басқару тобының үйлестірушісі Дастан Есенов, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобаларды басқару тобының жоғары білім бойынша маманы Ботагөз Бермухамбетова және жоо-ның өкілдері қатысты.


Жиналыс барысында педагогикалық білімді дамыту тұжырымдамасының негізгі қағидалары, еліміздің басым міндеттерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын нығайту» жобасын орындау жоспарын іске асыру, сондай-ақ ЖОО-да 30 инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттық режимде іске асыру мәселелері қаралды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=