қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2024

Студенттер Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына барды


2024 жылдың 14 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы «Тәлімгерлік мектебінің» ұйымдастыруымен университет студенттері «Алматы музейлеріне саяхат» атты тәлімгерлік жобасы аясында Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына барды.


Орталыққа барған Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері қазақ халқының ән-күй, ақын-жыраулық өнерін жасаушы және бүгінге жеткізуші өнер тұлғаларының аспаптарымен танысып, 3D голограммадан төрт өңірдің белгілі өкілдерінің орындауында танымал ән-күйлер мен жырларды тыңдады.


Сондай-ақ студенттер Мультимедиялық зал арқылы қазақ халқының сан ғасырлық өнері мен мәдениетіне саяхаттай отырып, әр өңірде сақталған музыкалық өнерімізбен бай рухани-мәдениетіміздің терең тарихымен танысты.


«Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы 06-25 мамыр аралығында өз жалғасын табады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент