қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.01.2018

 

«2017 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары «2017 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.
- орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор - Абишева Сәуле Жүнісқызы;
- «Функционалдық технология және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор - Косов Владимир Николаевич;
- «Тұлға психологиясы» ғылыми орталығының директоры, психология ғылымдарының докторы, профессор - Намазбаева Жамила Ыдырысқызы;
- информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты - Ошанова Нұржамал Тұрашқызы;
- «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессоры - Сманова Ақмарал Смаилқызы;
- химия кафедрасының доценті, техника ғылымдарының докторы - Тұрғұмбаева Раушан Халдарбекқызы.


Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмыстарының сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Олар: оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.


Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жеңімпаздарын мақтан тұтады!

 



306

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler