қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.10.2015

Мәскеу профессорлары кафедрада қонақта

 

2015 жылы қазан айының алғашқы күндері академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, университетте дәріс оқуға танымал ресей ғалымдары педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі Михаил Викторович Рыжаков, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Геннадиевич Кутузов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сергей Евгеньевич Шишов келді.
Ғалымдар Филология институтының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу барысында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушыларымен қызықты және нәтижелі сұхбаттасу өтіп, ары қарай жоспарланған ынтымақтастық жолдары талқыланды.