қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
09.10.2019

Global Students Party


2019 жылы 5 қазанда «Бақшасарай» салтанат үйінде университетіміздің 1 курс студенттеріне арналған «Global Students Party» ауқымды мерекелік шарасы өтті.


1000-ға жуық 1 курс студенттің басын қосқан бұл шараны университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, барлық 1 курс студенттерін арнайы мерекелерімен құттықтады.


Сөз кезегін алған Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев жастар саясаты бағытында университетімізде атқарылып жатқан бірқатар шараларға тоқталып, жастарды белсенді болуға шақырды.


Мерекелік бағдарламаны жас актер, танымал жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген және университетіміздің «Апорт» жайдарман клубының жетекшісі Әділхан Орынбай жүргізіп, студенттік мерекенің қызықты өтуіне атсалысты. Шара барысында қызықты ойындар мен би конкурстары ұйымдастырылып, университеттің талантты жастары өнер көрсетті. Кештің арнайы қонақтары ретінде Bonapart, Introvert, Nurik Smit, Mc Ali, DJ AxmetOff сынды жастар арасында танымал өнер жұлдыздары қатысып, жастардың сүйікті танымал әндерін орындады. 1 курс студенттеріне арналған бұл шара университетімізде алғаш рет ұйымдастырылып, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, үлкен серпіліс берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент



158

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler