қазақша · русский · english
 
 
 
 Сайлаубек Тәукейұлы
Кафедра меңгерушісі
Медицина ғылымдарының кандидаты, майор, асс. профессоры, кафедра меңгерушісі, Профилактикалық медицина академиясының толық мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері».
15 оқу ғимараты, 105 «А» кабинеті
 +7(727) 393-79-56
a.jan_83@mail.ru

 

Мамандықтың тарихы 2001 жылы психология-педагогика факультетінде құрылған. 2001 жылдан бастап «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасында 031240-«Бастапқы әскери дайындық және дене мәдениеті» мамандығы болып ашылды. 2004 жылы 050104 - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «Жоғары кәсіптік білім» ережелеріне сәйкес бакалавр болып өзгертілді. 2010 жылдан бастап 050104-«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестациялаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.


Осыған байланысты 2007/2008 оқу жылынан бастап «Дене мәдениеті мен бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ашылды. 2009 жылы университет Кеңесінің шешімімен «ДМжС және БӘД» факультеті ашылды.
Кафедра 2013 жылдан бастап, «Өнер, мәдениеті және спорт» институтының құрамына еніп әрі қарай педагогикалық кадрларды дайындауда Білім берудің жалпы міндетті Мемлекеттік стандартына сай қызмет етуде. Қазіргі уақытта кафедраны «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, медицина қызметінің запастағы майоры Сайлаубек Тәукейұлы басқарып отыр.


ҚР Білім және ғылым министрінің 21 маусым 2010 жылғы №316 «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтары классификаторларына сәйкестік кестесін бекіту туралы» бұйрығына қосымшалар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 28 сәуір 2015 жылғы № 248 бұйрығын орындау және түлектердің білім беру құзыретін күшейту мақсатында «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының атауы өзгертіліп 2018-2019 оқу жылынан бастап «Бастапқы әскери дайындық» болып жұмыс жасауда.


Кафедраның профессор - оқытушылар құрамынның саны - 10, оның ішінде: 1 ғылым докторы, профессорлар, 2 ғылым кандидаты, доценттер, 2 ғылым кандидаты, аға оқытушылар, 1 магистр аға оқытушылары қызмет атқаруда.


ПОҚ құрамының ғылыми атақ-дәрежесінің ортақ пайыздық көрсеткіші -50%.


Кафедрада оқитын студенттердің жалпы саны - 134, оның ішінде:  Күндізгі бөлім - 130, оның - 20-і мемлекеттік грант, cырттай бөлім - 4, оның - 1-і мемлекеттік грант.

641
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler