қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

«Мейірім қарлығаштары» еріктілер тобы «Қамқор» әлеуметтік үйінде

 

2024 жылдың 12 сәуірінде  Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Студенттік «Бірлік» Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мейірім қарлығаштары» еріктілер тобы «Қамқор» әлеуметтік үйіне барып, мерекелік кездесу кешін өткізді. Аталған іс-шараға университеттің құқықтанушы маманы Б.Сапаров, Ассамблея кафедрасының оқытушысы Б. Түлемісов қатысты.

 

«Мейірім қарлығаштары» еріктілер тобының қатарында Филология институтынан Сурина Мария, Дүйсен Адэль, Қуатбек Жадыра, Әбдікерім Елдар, Оңғар Алима, Умарова Шахадат, Талғатқызы Әдемі, Нұржігіт Айқаракөз, Сарсенова Айдана, Нұрбекова Аяулым, Изахунова Гулназ, Изахунова Дильназ, Тұрғанбаева Рысгүл, Педагогика және психология институтынан Марченко Татьяна, Закванова Сандина, Мурзагелді Меруерт, Өнер, мәдениет және спорт институтынан Имин Дильфуза, Ғазизболова Ақбота, Амангелді Ақбота, Серікқызы Аружан, Ерболатов Ақниет, Тарих жіне құқық институтынан Краузе Даниил, Игликов Дильшат, Мижитова Фируза белсенді түрде қатысты. Ассамблея студенттерінің өнерлеріне тәнті болған қариялар бірге ән айтып, би биледі. Оқытушы Берік Түлемісов домбырамен терме орындап, аккордеон жырларымен көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

 

Кештің соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман, құқықтанушы маманы Бақытжан Сапаров және Студенттік «Бірлік» Ассамблеясы директорының орынбасары Татьяна Марченко қарттарды Ораза айт мерекесімен және келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, денсаулық тіледі. «Мейірім қарлығаштары» еріктілер тобы қарттарға сыйлықтарын табыстап, олардың алғыстарын алып, көтеріңкі көңіл күймен оралды.

 

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  




Вернутся назад