қазақша · русский · english
   

Білім алу туралы құжат нострификациясы - бұл үрдіс, құжаттардың эквиваленттілігін, берілген тұлғаларды, басқа мемлекетте білім алушыларды, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (филиалдарында) білім алғанын анықтау мақсатында, білім алу туралы құжаттарды растау туралы халықаралық келісімшарт болмаған жағдайда жүгрізілуі.
Білім туралы құжаттарды нострификациялау және растау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігне тіркелуі
2008жыл 14 ақпан №5135;
Білім туралы құжаттарды нострификациялау мен растау ережесі;
«Білім туралы құжаттарды нострификациялау мен растау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Білім туралы құжаттарды нострификациялау мен растау регламенті;

Білім туралы құжаттардың нострификациялау және растау үрдісін өткізу үшін өтнішке қоса төмендегідей құжаттар өткізіледі:
1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы (салыстыру үшін);
2) Білім туралы құжатқа (түпнұсқа) қосымша келесі ақпараттар: өткізілген оқу пәндері мен практиканың соңғы көлемі; алған қорытынды баға, курстық және аяқтау кезендегі біліктілік жұмысы, оқу үрдісінің басқа да көрсеткіштері;
3) Білім туралы құжат аудармасы нотариалды турде куәландырылған және оған мемлекеттік және орыс тілінде қосымшасы болу керек. Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасы аймағында немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі мен органдары нотариуспен іске асырады. Кейбір жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша растауды анықтау) аударма құжат беріп отырған аймақтағы Қазақстан Дипломатиялық қызмет органдары орындағаны туралы көрсетілу;
4) Мемлекеттік және орыс тіліне аударылған, білім туралы құжат иесінің жеке куәлігі, нотариалды түрде куәландырылған құжат көшірмесі.
5) Білім туралы құжатты беруші оқу орнының аккредитациясы туралы куәліктің немесе лицензия көшірмесі және жалпы білім, орта жалпы білім туралы мемлекеттік үлгідегі жоғары орнының мөрімен бекітілген құжат (қажет болған жағдайда нотариальды түрде куәландырылған мемлекеттік және орыс тіліне аударылған).
1 және 2 бөлімдерде көрсетілген құжаттарда білім беруші ұйымдар халықаралық стандарттан өткізілген және түпнұсқаны растаудың заңдылық күшінің болуы.