Құрметті әріптестер!
 
 Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар: тарихы және қазіргі кезеңдегі  дамуы» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция жұмысына қатысуға  шақырады.
Конференция 2017 жылдың 24 қарашасында өтеді.  Конференцияға шетелдік ғалымдар, қоғам және саясат қайраткерлері, ТМД және Қазақстанның ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, аспиранттар және студенттер шақырылады.
 
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
 
Пленарлық мәжіліс.
 
І-секция. Халықаралық қатынастар және Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты.
 
ІІ-секция. Орталық Азия мен  шектес мемлекеттердегі этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
 
ІІІ-секция. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдегі  жаңа құқықтық жүйенің  қалыптасуы мен дамуының мәселелері.
 
ІV-секция. Орталық Азия елдері: әлемдік оқыту кеңістігіне кіруінің мәселелері мен болашағы(перспективалары).   
Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25., Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Ұялы тел.: 870276098-54;  87477791155;  87011250235
 
Эл. пошта: r.r.r.a@mail.ru 
 
Қосымша: Ақпараттық хат