қазақша · русский · english
 
 
 

«Эразмус+» бағдарламасы


Эразмус+ - бұл Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты мен спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бағдарлама. Ол Еуропа елдері арасында (Бағдарлама елдері деп аталатын), сондай-ақ Еуропа елдері мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасында барлық осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктер береді.

Ынтымақтастық пен ұтқырлықтың жаңа жобалары жыл сайын Эразмус+ өтінімдер конкурсы аясында іріктеледі. Қаржыландыру туралы толық ақпаратты және бағдарламамен қолдау көрсетілетін мүмкіндіктердің толық тізімін Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің ресми сайтынан табуға болады.

Абай университеті Erasmus + бағдарламасы аясында 10 университетпен ынтымақтасады:
1. Pavol Jozef Šafárik University (Словак Республикасы);
2. Vytautas Magnus University (Литва Республикасы);
3. Firat University (Түркия Республикасы);
4. Mykolas Romeris University (Литва Республикасы);
5. Adam Mickiewicz University (Польша Республикасы);
6. Ahi Evran University (Түркия Республикасы).

 

Толық ақпарат алу үшін Достық даңғылы, 13, 310-кабинет мекенжайы бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөліміне хабарласуға болады.


Халықаралық бағдарламалар туралы кеңес беру әр дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі.

 

«Orhun» бағдарламасы

 

«Orhun» бағдарламасы Түркі кеңесінің (TURKUNIB) Түркі университеттер Одағына кіретін университеттер арасында студенттер мен оқытушыларды академиялық алмасуына жәрдемдесуге бағытталған бағдарлама. 2023 жалдың басында Абай университеті осы Одақтың мүшесі болып, «Orhun» академиялық алмасу бағдарламасының қатысушысы болды. (http://www.turkunib.org/)

 

Студенттер шетелде кем дегенде бір, ең көбі екі семестр бойы білім ала алады. Семестрлік кезеңдердің ұзақтығы қатысушы елдердің білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, әр түрлі болуы мүмкін, алмасу кезеңі бір семестрді құрауы мүмкін;

Студенттер оқу ақысын төлемейді және қабылдаушы университеттің пайдасына қосымша шығындар алмайды, бірақ олар келген университеттегі оқу ақысын төлеуді жалғастырады (егер олар ақылы бөлімнің студенттері болса);
Оқутушыларға бір оқу жылында кем дегенде екі апта және ең көбі үш ай болуы мүмкін.

 

Бағдарламаға қатысты қажетті өтініш формаларын келесі сайттан алуға болады http://turkunib.org/en/orhun, ал бағдарлама бойынша толық ақпарат келесі сайтта http://turkunib.org/orhun/.


«Orhun» бағдарламасына қатысу шарттары:
- орташа балл (GPA) кемінде 2,5 / 4,00;
- ағылшын немесе түрік тілдерін білетіндігін растайтын сертификаттың болуы;
- бірінші және соңғы курс студенттері осы бағдарламаға қатыса алмайды.

 

«Orhun» бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Студенттің өтініші;
2. Транскрипт;
3. Студент пен ЖОО (жоғарғы оқу орны) арасында қол қойылған шарт;
4. Басқа талаптар (келісімге қол қойған ЖОО анықтайды).

 

Келесі сайтта Түркі кеңесіне кіретін (TURKUNIB) Түркі университеттері одағының мүшелері болып табылатын университеттердің тізімімен танысуға болады: http://turkunib.org/en/site/index/#member.

 

«500 ғалым» бағдарламасы

 

Алдыңғы қатарлы ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» Қазақстан халқына Жолдауында әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Ғалымдар үшін тағылымдама шетелдік жетекші жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және салалық ұйымдарда ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

 

Ғылыми тағылымдама, ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесіне сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеу шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Осы бағдарламамен толығырақ келесі сайттан таныса аласыз: https://bolashak.gov.kz/ru/o-nauchnyh-stazhirovkah-po-ns.