қазақша · русский · english
 
 
 
 Сыдықов Бақыт Диқамбайұлы
Математика, физика және информатика институтының директоры
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а.
Төле би көшесі, 86
 8(727)272-75-87
bdsydykhov@mail.ru

 Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
PhD, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 86
 +7(778)-778-07-31
o.jas@mail.ru

 Нурмухамедова Жанара Муратовна
Директордың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары
Доктор PhD
Төле би көшесі, 86, кабинет 211
 +7(727) 272-63-49
nurm_zhanna@mail.ru

 Мұхашев Жасулан Ерланұлы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Магистр
Төле би көшесі, 86
 +7(727) 272-82-72
alshyn_zhas@mail.ru

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

 

МИССИЯСЫ:
Озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде математика, физика, информатика саласында жоғары білікті педагогтар мен мамандарды даярлау.


КӨРУ - 2025:
Математика, физика және информатика жоғары мектебі-жаңа формациядағы педагогтарды даярлау орталығы.


Институт туралы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, Физика және Информатика институты (МФИИ) 1928 жылы физика-математика факультеті деп құрылған. Ол осы университеттің алғашқы факультетінің бірі болып, өзінің жұмысын бастаған. Сол заманда факультет құрамында 9 кісілік «техника, физика және математика» кафедрасы жұмыс істеп, кафедраны профессор Ермеков Әлімхан Әбуұлы басқарған. Ол Ресейдің Томск қаласындағы Технология институтын бітірген. Профессор Әлімхан Ермеков алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген «Жоғары математика курсы» атты оқулықтың авторы.


Қазіргі уақытта институт Төле би көшесі 86 мекен-жайы бойынша, университеттің №5 оқу корпусында орналасқан.


Математика, физика және информатика институтының құрамына 4 кафедра кіреді:
- Физика кафедрасы
- Математика және математикалық модельдеу кафедрасы
- Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы
- Математика, физика және информатика пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасы

 

Институттың оқу ғимаратында оқу процесін ұйымдастыру үшін:
- физика-техникалық бейіндегі 12 оқу және ғылыми зертханалар;
- 9 компьютерлік сынып;
- 2 лингафондық кабинеті, сонымен қатар лекциялар, практикалық сабақтар мен семинарлар өткізуге арналған 30-дан астам аудитория жұмыс істеп жатыр.


Сонымен қатар, оқу процесін ұйымдастыру кезінде институт университеттің педагогикалық STEM паркінің үш оқу зертханасы (Робототехника, мехатроника және өлшеу құралдары зертханасы) материалдық-техникалық базасын пайдаланады.


Институт келесі бағыттар бойынша кадрлар дайындайды:
- «Физика, математика және информатика мұғалімдерін даярлау»;
- «Физика ғылымдары»;
- «Математика және статистика».


Кадрларды білімнің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

6В0150 - Математика

7М01501 - Математика

8D01501 - Математика

6В01504 - Физика

7М01504 - Физика

8D01504 - Физика

6В01505 - Физика ағылшын тілінде

7М01507 - Информатика

8D01507 - Информатика

6В01506 - Информатика

7М05302 - Физика

8D05302 - Физика

6В01508 - Информатика ағылшын тілінде

7М05401 - Математика

8D05401 - Математика

6В05302 - Физика

 

 

6В05401 - Математика

 

 

 

7М01507 - Информатика мамандығының студенттері үшін В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетімен қос дипломдық білім беру жүзеге асырылады.

 

Біздің институтта оқудың артықшылықтары


Институт білім берудің барлық деңгейлерінде - бакалавриат, магистратура және докторантурада үздіксіз білім береді. Институттың білім беру бағдарламаларына мемлекеттік білім беру гранттарының көп мөлшері бөлінген. Математика, физика және информатика мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша студенттерге жоғарылатылған шәкіртақы беріледі. Үздік студенттерге Президенттік стипендия тағайындалады. Студенттер үшін жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады, онда олар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз нәтижелерін баяндауға мүмкіндік алады. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді.


Студенттер контингенті 3323 адамды құрайды. Оның ішінде: 2861 бакалавриат студенті, 462 магистрант және 36 докторант. Шетелдік студенттердің үлесі 3% (80 адам). Бұл ретте студенттердің 92% пайызы мемлекеттік білім грантының иегерлері.


Оқу процесін ұйымдастыру үшін институт жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген.


Қазіргі уақытта институтта 124 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 22 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты және 17 PhD докторы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 1 академигі және 2 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Педагогикалық қызметкерлердің 60%- пайыздан астамы ғылыми дәрежеге ие.


Институттың 23 оқытушысы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» атағының иегері.


Институттың профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобалардың жетекшілері мен орындаушылары болып табылады. Өткен есепті жылдың қорытындысы бойынша 45-тен астам оқытушы ғылыми нәтижелерін Web of Science және Scopus ғылыми базаларында индекстелген журналдарда жариялады.