қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Нурмухамедова Жанара Муратовна

Нурмухамедова Жанара Муратовна

 

Қостанай облысы Рудный қаласында дүниеге келді. № 4 математика оқытуға бағытталған орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бакалавриат және магистратурасында оқыды.

 

Магистратураны аяқтағаннан кейін «Математикалық анализ, алгебра жәнетгеометрия» кафедрасында жұмыс істеді.

 

2013 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша PhD докторантураға түсіп, 2016 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математикалық анализ курсын оқытудың әдістемелік жүйесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.

 

2017 ж. маусым айында 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

 

01.09.2016 ж. - 15.11.2022 ж. Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатика оқытудың әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

 

16.11.2022 ж. бастап  Математика, физика және информатика институты директордың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Мұғалім

2006

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Магистратура

2008

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Докторантура PhD

2016

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия докторы (PhD)

6D010900 - Математика

15.06.2017

 

Жалпы, 49 ғылыми еңбектің авторы болып табылады, оның ішінде 1 монография, 1 оқу құралы, Халықаралық деңгейдегі Scopus базасына кіретін рецензияланатын журналдағы 1 мақала, нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік журналдардағы 5 мақала, ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған нөлдік емес импакт-факторы бар отандық журналдардағы 18 мақала, жинақтардағы халықаралық конференциялардағы 20 мақала және отандық ғылыми-әдістемелік журналдардағы 3 мақала.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Мектеп және педагогикалық университетінде математиканы оқытудың мәселелері бойынша жұмыс істейді. 45-дан астам жарияланымдары бар (О роли начал анализа в курсе математики общеобразовательной школы // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия «Физико-математические науки», №2 (54). - Алматы, 2016. - С. 51-56; Мектептерде және педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқытудың кейбір мәселелері // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4 (56). - Алматы, 2016. - Б. 85-91; О методике обучения решению уравнений и их систем с помощью компьютерной программы Geogebra // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия «Физико-математические науки», №1 (69). - Алматы, 2020. - С. 150-155); Обзор ключевых моментов при разработке образовательных программ по подготовке учителей по естественнонаучным предметам // Вестник науки и образования, № 7 (110). Часть 1. - Москва, 2021. - С. 7-10.; О применении различных видов обучения при подготовке будущих учителей по естественнонаучным предметам в системе высшего педагогического образования / Материалы международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы обучения математике и физике в школе и вузе в условиях обновленного содержания образования» - Алматы: КазНПУ имени Абая, издательство «Ұлағат», 2022. - С. 64-67.)

Монография - Особенности разработки образовательных программ подготовки учителей по естественнонаучным предметам. Монография. - Алматы: SILVER PRINT, 2022. - 216 с. (ISBN 978-601-353-130-4).

Оқу қуралы - Методические основы обучения решению математических задач в школе. Алматы, 2018. - 248 с. (ISBN 978 - 601 - 293 - 965 - 1)

 

Келесі мақала импакт-факторы бар журналда  жарияланған: "The Turkish Vector" Influence on Teaching the Exact Disciplines in Modern Educational System of Kazakhstan: on the Example of Teaching Algebra and Mathematics//Global Journal of Pure and Applied Mathematics. ISSN 0973-1768. Volume 12, Number 4. - India, 2016. - рр. 3481-3491

АР08052997 "Орта білім беруді жаңғырту аясында ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту" тақырыбы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады.

 

 


← Кері оралу