Халықаралық ынтымақтастық |
Академиялық ұтқырлық - белгілі бір академиялық кезеңге студенттерді немесе ғылыми-зерттеу оқытушыларын басқа оқу немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) оқуға, оқытуға, зерттеуге ауыстыру. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі бөлім студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар университеттің күндізгі оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық - студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде білім беру бағдарламаларын меңгеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс оқу немесе қызметтік тапсырманы орындау үшін академиялық бір кезеңге шығу түрінде жүзеге асырылады.
Ішкі академиялық ұтқырлық - жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми орталықтарда студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны-әріптеспен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісім-шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасы шегінде іссапар түрінде жүзеге асырылады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне gulnara_t@mail.ru, acadmob@kaznpu.kz электронды поштасы арқылы хабарласыңыз немесе Қазыбек би 30/1, 2 кеңсеге хабарласыңыз.
Профессор-оқытушылар құрамының ішкі академиялық ұтқырлық кестесі Шетелдік студенттер туралы мәлімет
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|