Тарих және құқық институты |
Университеттегі алғашқы құрылымдардың бірі, Тарих және құқық институтының шежіресі 1934 жылы құрылған тарих факультетінен бастау алады. Тарих және құқық институты - бүгінде ел тұғырын биік ұстап, «Мәңгілік ел» идеясындағы қазақ елінің тарихын асқақтататын, бабалар ізінен нәр беретін, батырлық рухының негізінде отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ел басқарған хандар мен би-шешендердің тарихи танымын меңгерте отырып, озық мемлекеттің білім көкжиегіне жетелейтін сапалы білім ордасы.
Бүгінгі таңда Тарих және құқық институты құрамында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарларына және ҚР-ның басқа да нормативті құжаттарына сәйкес келетін бакалавриат, магистратура және (PhD) докторантура мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі кадрларды дайындауды жүзеге асыратын 4 кафедра жұмыс істейді. Жыл сайын кафедралардың ғылыми-әлеуеті сапасы жоғарылап, заман талабына сай жаңа мамандармен толығуда. Мамандар арасында осы қара шаңырақтан білім алған үздік шәкірттері де еңбек етуде.
Институтта сапалы білім беруге, ғылыми-зерттеу саласындағы жоғарғы стандартты іске асыруға, кәсіптік этиканы сақтауға бағытталған тұрақты дәстүр қалыптасқан. Сабақ берудің жоғары сапасына заман талабына сай білім беретін профессор-оқытушылар ұжымы кепілдік береді. ИНСТИТУТ МІНДЕТІ: - сапалы білімдік қызметті әлемдік стандарттар деңгейінде қамтамасыз ету, ол өз кезегінде комплекстік және дәйекті негіздік қызметтің принциптерін жүзеге асыру; - оқу бағдарламасының мазмұнын педагогикалық білімді жаңарту, интеграциялық, пәнаралық сипатқа бағытталған және оқу үдерісіне әрдайым жаңа білімді, ең тиімді және сұранысқа бейім білімдік тәжірибе енгізу; - оқыту қызметінің сапасын көтеру және біртұтас үш сатылы кәсіби білім моделінің деңгейін сабақтастыру (бакалавриат-магистратура-докторантура PhD); - білім алушылар мен ОПҚ академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту; - оқу процесіне үлкен масштабта инновациялық жолдарды енгізу (оқу бағдарламасының сипаты мен формасы негізіндегі оқу траекториясының кредиттік-модульдік құрылымы); - инновациялық оқыту технологиясы негізінде оқу-методологиясын қамтамасыз етуін жетілдіру мен оқу процесін ұйымдастыру; - инновациялық сипат негізіндегі көрсетілген оқу бағдарламасында алға қойған жолдарды жүзеге асыруда лайықты инфраструктура құру.
ИНСТИТУТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: Директораттан және 4 кафедрадан тұрады: Тарих және құқық институтының директоры - с.ғ.д., профессор Джунусов Әділ Мәуленұлы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - PhD доктор Асымова Дария Болатқызы Директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары - Мұратқазин Мұхтар Мұратқазыұлы Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Манапбаев Нұрболат Бекболатұлы
ИНСТИТУТ КАФЕДРАЛАРЫ: 2. Әлем тарихы - Кафедра меңгерушісі, Рүстем Камшат Молданқызы, PhD докторы 3. Құқықтану кафедрасы - кафедра меңгерушісі, Көшпенбетов Бахытқали Мұхтарұлы, Қауымдастырылған профессор, Заң ғылымдарының кандидаты 4. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - кафедра меңгерушісі, саяси ғ.д. Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы
Институт 3 деңгейде келесі білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
БАКАЛАВРИАТ Код Білім беру бағдарламасы 6В01601 Тарих (педагогикалық) 6В01415 Құқық және экономика негіздері 6В01602 Тарих- Дінтану 6В01603 Сандық тарих 6В01606 Тарих-география 6В02208 Тарих- құқық және экономика негіздері 6В01604 Тарих-құқық негіздері 6B02211 Тарих-құқықтану 6В02201 Философия 6В02202 Тарих (ғылыми) 6В02203 Дінтану және саясат 6В02203 Дінтану және құқық негіздері 6В02207 Философия-әлеуметтану 6В03102 Мәдениеттану 6В02204 Дінтану 6В04202 Құқықтану 6В04201 Сот-прокурорлық қызмет 6В03103 Әлеуметтану 6В03104 Саясаттану 6В03110 Аймақтану (араб, қытай, парсы және жапон тілдерін оқытумен) МАГИСТРАТУРА 7М01601 Тарих (педагогикалық) 7М01603 Сандық тарих: тарихты оқытудағы технологиялар 7М01406 Құқық және экономика негіздері 7М02201 Философия 7М02202 Тарих (ғылыми) 7М03102 Мәдениеттану 7М02203 Дінтану 7М04201 Құқықтану 7М03103 Әлеуметтану 7М03104 Саясаттану 7М03110 Аймақтану (араб, қытай, парсы және жапон тілдерін оқытумен) ДОКТОРАНТУРА 8D01601 Тарих 8D02201 Философия 8D02202 Тарих (ғылыми) 8D03103 Әлеуметтану 8D03104 Саясаттану 8D03102 Мәдениеттану 8D02203 Дінтану Білім беру бағдарламасын аяқтау нәтижесінде біздің түлектер келесі мекемелерде жұмыс істей алады: Тарих және құқық институтының 2020-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|