қазақша · русский · english
 
 
 
 Таңжарықова Алуа Василийқызы
Институт директоры
Филология ғылымдарының докторы
Достық даңғылы, 13
 +7(776) -888- 88 -07
alua1973@mail.ru

 Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Лингвистика магистрі, аға оқытушы
Достық даңғылы, 13
 8-701-433-19-79
nuptekeeva79@mail.ru

 Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары
PhD доктор, аға оқытушы
Достық даңғылы, 13
 +7(727)291-40-85, 8-707-822-94-02
almaz-88.80.17@mail.ru

 Абдықалықов Арман Үкіұлы
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы
Достық даңғылы, 13
 8-708-808-07-81
Abdykalykov_arman@mail.ru

 Саурикова Айнур Муратбековна
Директордың шетел тілдері мамандықтары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары
Магистр, аға оқытушы
Достық даңғылы, 13
 8-701-377-32-75
ainursaurikova@mail.ru

 

 

Миссия:

Біз озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде қазіргі заманғы білім беру қажеттілігін болжайтын педагогтарды дайындаймыз.

 

Біз мұғалім мамандығының беделін арттырамыз және адами капиталды дамытудың драйвері боламыз.

 

Пайым - 2025

Филология институты 2025 жылға қарай Филологияның жоғары мектебіне - жаңа формациядағы кадрлар даярлаудың жетекші орталығына айналады, ол:

- отандық және әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар деңгейінде ғылыми-білім беру процесін жүзеге асырады;- инновациялар негізінде білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етеді;- адам капиталын дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік береді.

 

Институт туралы

1928 жылы университетте физика-математика және лингвистика-педагогика бөлімдерінен тұратын жалғыз факультет болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары лингвистика бөлімінің базасында филология факультеті ашылып, оған 49 студент қабылданды. Факультеттің іргетасын алаш зиялылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, С.Аманжолов, М.Әуезов және т. б. көрнекті ғалым-қайраткерлер қалады.

 

Бүгінгі таңда Филология институты - бұл қазақ, орыс және шетел филологиясын, әдебиеттану мен лингвистиканы оңтайлы үйлестірген классикалық және заманауи білім беру ошағы. Институтта студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.

 

Институт құрылымы

Институт құрылымына 5 кафедра кіреді:

- Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

- Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

- Шетел тілдері кафедрасы

- Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы

- Практикалық ағылшын тілі кафедрасы

 

Институтта оқу үдерісін ұйымдастыру үшін:

- АКТ құралдарымен жабдықталған  45 дәрісхана;

- 3 лингафондық кабинет;

- 3 компьтерлік сынып;

- 45 орындық оқу залы;

-  5 орталық жұмыс жасайды.

 

Кадрларды дайындау білімнің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:


Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

7М011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

8D011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті

7М01702- Орыс тілі мен әдебиеті

8D01702 - Орыс тілі мен әдебиеті

6ВО1703 - Шетел тілі: екі шетел тілі

7M01703-Шетел тілі: екі шетел тілі

8D01703- Шетел тілі: екі шетел тілі

6В01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

7М01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

8D01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектеп.орыс тілі мен әдебиеті

7М01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектеп.орыс тілі мен әдебиеті

8D01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектеп.орыс тілі мен әдебиеті

6В01707-Ұйғыр тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі

 

 

6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі

 

 

6В01712-Ұйғыр тілі мен әдебиеті-бастауыш білім

 

 

6В01714-Ұйғыр тілі мен әдебиеті-қазақ тілі мен әдебиеті

 

 

6В02207 - Түркітану

7М02207 -Түркітану

 

6В02210-Шығыстану

 

 

6В02301 - Филология

7М02301 - Филология

8D02301 - Филология

6В02302 - Аударма ісі

7М02302-Аударма ісі

 

6В02311-Шетел филологиясы: ұйғыр тілі мен әдебиеті-орыс тілі мен әдебиеті

 

 

6В02312-Батыс филологиясы: ағылшын тілі

7M02312-Батыс филологиясы: ағылшын тілі

 

6В02313-Шетел филологиясы

 

 

 

7M02304 - Лингвистика

8D02304 - Лингвистика

 

7М02308 - Әдебиеттану

8D02305 - Әдебиеттану

 

Филология институты тіл мен әдебиетті, сөз өнері мен мәдениетін оқытатын нағыз шеберхана болып табылады. Мұнда алынған білім мен тәжірибе білім алушылардың өзін танытуына және тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді, өзгермелі әлемде шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.

 

Филология институтының жарқын, есте қаларлық, қызықты студенттік өміріне белсене қатысуға қош келдіңіз!