Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
МИССИЯСЫ: Әлемдік тенденциядағы аса маңызды озық әдістемелер, демократиялық білім беру, дербестендірілген оқыту (персонализация) қағидаттарын басшылыққа алатын, мұғалімнің рөлін тереңінен түсінетін, ұлттық құндылықтарды қазіргі заманғы білім беруге икемдейтін, бәсекеге қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
Пайымдау: Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлайтын көшбасшы орталыққа айналады.
Кафедра туралы Кафедра тарихы 1928-1929 жж. А.Байтұрсынұлы, 1932-1937 жж. Қ.Жұбанов басқарған «Лингвистика-педагогика бөлімінен» бастау алады. 1937 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселесімен айналысатын жеке кафедраларға бөлінген.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі - филология ғылымдарының докторы Н.Ә. Ильясова. (ссылка)
Кафедраның мекенжайы: Достық, 13. 4 - қабат, 423 кабинет.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: ҚР ҰҒА академигі -1; ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі -1; ғылым докторы -14; профессор - 8; доцент - 13; пед.ғыл.кандидаты -25; PhD - 5; аға оқытушы - 2; магистр аға оқытушы -16. Ғылыми және әдістемелік жетістіктері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іргелі зерттеу жобасы - 2. Ғылыми монография - 38. ЖОО үшін жарияланған оқулықтар мен оқу құралдары - 51. ЖОО үшін жарияланған оқу-әдістемелік құралдар - 7 Web of Science және Scopus ғылыми базаларында индекстелген журналдарда мақала - 4
Студенттер контингенті: 2021/2022 оқу жылында кафедра мамандықтары бойынша 1234 бакалавр, 88 магистрант, 23 докторант білім алуда. Барлығы - 1345. Шетелдік студенттердің үлесі 0.1%.
Кафедраның оқу процесін ұйымдастыруна арналған аудиториялық қор: - АКТ құралдарымен жабдықталған 4 дәрісхана; - панелдік тақтамен жабдықталған 3 аудитория; - 1 компьютерлік класс; - 1 лингофон кабинеті; - 18 аудитория;
Білім берудің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) кадрларды даярлау келесі білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:
Біздің мамандықта оқудың артықшылықтары: - үздіксіз білім беру: бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алу;- академиялық ұтқырлық бойынша алыс шетелде білім алуы;- Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша онлайн курстар, тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы;- әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау форумы бойына кәсіби біліктілігін шыңдауы;- «Көркем сөз - білімде» студенттерге арналған жоба бойынша жаңартылған білім бағдарламасындағы көркем шығармаларды талдай алу;- «Мектеп жүрегі» студенттердің әдістемелік клубында қазақ тілі грамматикасы мен қазақ әдебиеті материалдарын озық әдістемелер арқылы талдау;- «Сөзтаным», «Тіл - таным», «Эрудит», «Ұмай» атты үйірмелер мен клубтар арқылы студенттердің ғылыми, мәдени, тарихи танымдық қабілеттерін арттыру.
Халықаралық ынтымақтастық: - әлемнің алдыңғы қатарлы12 университетімен бірлескен келісімшарт негізінде Эрасмус + бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылар Польша мемлекеті ғалымдарымен тәжірибе алмасады;- академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер Түркия елінің Фырат университетінде білім алады;- ҚР БҒМ 31.10.2018 ж.№604 бұйрығына сай докторанттар мен магистранттар Польша, Түркия, Ресей және т.б. шет елдерде ғылыми тәжірибеден өтеді;- Шетелдік серіктес университеттің ғалымдарымен ғылыми зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша тығыз әріптестік байланыс орнатылған.
Шетелдік серіктестер
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|