Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
2018 - 2019 оқу жылында халықаралық байланыс және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орындалған жұмыстар
2.Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференцияға және докторантардың ғылыми кеңесшісі ретінде келген ғалымдардың тізімі (23-30. 10.2018 )
1 Стамбул қаласы. Стамбул университеті Мехмет Олмез профессор, Филология ғылымдарының докторы 6D011700 қазақ тілі мен әдебиеті докторанты 2 курс Нүптекеева Гүлназдың кеңесшісі 2 Мұғла Сытқы Кочман университеті Екрем Аян доцент, доктор PhD 6D011700 қазақ тілі мен әдебиеті докторанты Юсуп Фархаттың ғылыми кеңесшісі
3.ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен дәріс оқуға келген ғалым
Фырат университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Ержан Алкая Көне түркі тілі мәтініндегі ортақ сөздер 26.10.-21.11.2018 Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көп тілді білім беру институты
4.Эрасмус + бағдарламасы бойынша дәріс оқыған шетелдік ғалым
Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университетінің оқытушысы Jakub Lakusik Тілді оқытудың әдістемесі 21-24 мамыр 2018 Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көп тілді білім беру институты 5.Қанекей Жармағанбетовтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция мен докторантардың ғылыми кеңесшісі ретінде келетін ғалымдардың тізімі (25.11-02.12. 2018)
1 Мұғла Сытқы Кочман университетінің Кенан Коч доцент, доктор PhD 6D021300 лингвистика докторант 1курс Мамадиярова Назираның кеңесшісі 2 Мұғла Сытқы Кочман университеті Мехмет Наджип Онал профессоры, доктор PhD 6D021400 әдебиеттану докторанты 2 курс Едилбек Абдимомыновтың кеңесшісі 3 Стамбул қаласы. Йылдуз техникалық университетінің Зуһал Олмез профессор, филология ғылымдарының докторы 6D021300 лингвистика докторант 1курс Акбар Мұса Ахуновтың кеңесшісі ретінде
6. Шетелдік университеттерге Эрасмус + және Мевлана бағдарламасы бойынша дәріс оқуға барған ғалымдар
Абай атындағы ҚазҰПУ Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы Қосымова Гүлбану профессоры, филология ғылымдарының докторы Функционалды сауаттылық Эрасмус + бағдарламасы бойынша Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университетіне дәріс оқуға барды. 25.11-02.12. 2018 Абай атындағы ҚазҰПУ Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы Қалыбаева Қаламқас филология ғылымдарының докторы, доцент Қазақ тілі Аккадемиялық ұтқырлық бағларламасы бойынша Түркияның Костомону университетіне барды 06.10- 20.10. 2018
7.Магистранттардың шетелге ғылыми тағлымдама бойынша баруы туралы мәлімет
6M011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 2 курстың 12 магистранты 19.11-30.11.2018 Польша. Адам Мискеевич атындағы Познань университеті 6M012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 2 курстың 13 магистранты 14.11-24.11. 2018 Польшаның Слупск қаласы Поморск академиясы 6M020500- Филология мамандығы 2 курстың 9 магистранты 05.12-15.12.2018 Түркия. Стамбул қаласы, Мармара университеті 6M021300- Түркітану мамандығы және 6M011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 2 курстың 8 магистранты 25.11-07.12.2018 Түркия. Элазг қаласы Фырат университеті Фиология және көп тілді білім беру институтының С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының халықаралық байланыстары
1. Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының халықаралық қатынастар саласындағы 2019-2020 оқу жылына жоспарланған жұмысы өте қарқынды және жемісті болды.
3. 2019 жылы 21-27 қараша аралығында Филология және көп тілді білім беру институтына профессор Гүлбану Қосымованың шақыруымен Түркияның Қыршекер Ахи Эвран университетінің Түрік тілі және әдебиеті бөлімінің деканы профессор Надир Илһан 2 докторантына кеңес беруге шақырылды. Надир Илһан да студенттер мен магистранттарға семинар өткізіп, сұрақтарына жауап берді, оларды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға шақырды. Надир Илһан 22 қарашада өткен академик Рабиға Сыздықтың 95 жылдығына арналған «Рәбиға Сыздық феномені: қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми- теориялық конференцияға қатысып, «Түркі халықтарының ортақ тіл мұрасы, аталар сөзі» тақырыбында баяндама жасады.
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Түркияның Еге университеті, Юлдыз техникалық университетімен арасында ынтымақтастық келісімшарты жасалды. Еге университетінің профессорлары Фикрет Түркмен, Мұстафа Өнер және Гүрер Гүлсевин Филология және көп тілді білім беру институты академик Серік Қирабаев атындағы кафедраның докторанттарының ғылыми кеңесшілері болып саналады.
5. Түркияның Фырат университетінің профессорлары Ахмет Буран мен Ержан Алкаяның, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Г.Қосымова, Б.Қасым және аға оқытушы Р.Бақбергенованың қатысуымен Түркияда «Түркі дүниесі түркологтары» энциклопедиясы шығарылды. Энциклопедияға барлық түркі халықтарының, соның ішінде Қазақстанның көрнекті түркологтарының еңбектері енгізілді.
Ғылыми тағылымдама
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында «6М011700- Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6М012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс магистранттары Польшаның А. Мицкевич университеті (Познань қ.) және Поморский университеттерінде (Слупск қ.) өткен ғылыми тағылымдамалары бойынша есеп берді. Магистранттар университеттің бай кітапханаларын пайдаланып, «Қазақстандағы тіл, мәдениет және қоғам» тақырыбындағы халықаралық конференцияға, профессор-оқытушылардың дәрістеріне қатысқан.
Есеп беруде Польшаның мәдениеті, халқы, өмір-сүру салтымен танысып, танымдары артқаны айтылды. Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті материалдар жинақтағанын баяндады. Сонымен қатар білім алушылардың ғылыми тәжірибе жинақтау үрдісін мәдени іс-шаралармен ұштастырғаны да байқалды.
Түркиядағы ғылыми тағылымдама
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «6М021200-Түркітану», «6М011700 -Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білім алатын магистранттар Фырат университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтуін жалғастыруда.
ҚазҰПУ-дың 90-жылдығын тойлауға шетелден ғалымдар шақырылды
Солардың ішінде арнайы шақырылған қонақ -Анкара қаласындағы Жаңа Түркия зерттеу орталығының басшысы, ф.ғ.д., профессор Білгехан Атсыз. Докторанттардың кеңесшілері ретінде шақырылған қонақтар - Анкара қаласынан Түрік тілі қоғамының басшысы, ф.ғ.д., профессор Гүрер Гүлсевин; Измир қаласынан Еге университетінің профессоры, ф.ғ.д. Фикрет Түркмен; Фырат университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Ахмет Буран; Анкара қаласынан Гази университетінің профессоры, ф.ғ.докторы Хулия Касапоғлы Ченгел; Польша Познань университетінің профессоры, доктор PhD Гүлайхан Ақтай.
Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығына
«Көне түркі тілі» және «Қыпшақ тілдерінің тарихы»
Әдебиеттанушы Қанекей Жармағанбетовті еске алу
2018 жылдың 28 қарашасында өткізілетін Қанекей Жармағанбетовтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияға 25.11-02.12.2018 уақыт аралығында (профессор Гүлбану Қосымованың шақыруымен) докторантардың шетелдік ғылыми кеңесшілері - Мұғла Сытқы Кочман университетінің доценті, доктор PhD Кенан Коч; Стамбул қаласындағы Йылдуз техникалық университетінің профессоры, филология ғалымдарының докторы Зухал Өлмез және Мұғла Сытқы Кочман университетінің профессоры, доктор PhD Мехмет Наджип Онал қатысады. Бұл ғалымдар түркі-қазақ мәдени байланыстары жөнінде баяндамалар жасайды.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|