Өнер, мәдениет және спорт институты |
Институт болашағы - әлемнің кез-келген елінде табысты жұмыс істейтін және қазіргі қоғамның алуан түрлі жағдайында өзінің шығармашылық әлеуетін көрсете алатын адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Абай атындағы ҚазПИ көркемдік-графикалық факультетінің мұрагері болып саналады. Бұл Қазақстан Республикасының кәсіби өнер білім беру саласындағы жалғыз мамандандырылған оқу орны болып табылады.
Институт құрамында: Дизайн, көркем білім, музыкалық білім және хореография, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт бес кафедра жұмыс жасайды. 35 оқу-шеберлік кабинеті, төрт компьютерлік класс, бір оркестр, төрт вокал аудиториялары, төрт аспаптар аудиториясы, екі би залы, екі спорт зал, бір плац.
Қазіргі уақытта институтта бакалавр бойынша 1207 студент, 61 магистрант және 7 докторант бар. Сонымен қатар, институтта 6 халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері, 24 спорт шебері және 50 спорт шеберінің кандидаттары білім алады.
Сондай-ақ, педагогикалық кадрлар құрамында 117 жоғары білікті оқытушылар бар олардың қатарында: 2 педагогика ғылымдарының докторы, 1 ВАК профессоры, 10 академиялық профессор, 21 педагогика ғылымдарының кандидаты, 8 ВАК доценті, 1 өнертану ғылымдарының кандидаты, 1 философия ғылымдарының кандидаты, 2 PhD докторы, 9 академиялық доцентер, КСРО және Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 43 мүшесі, Қазақстан Республикасының Дизайнерлер одағының 2 мүшесі, Қазақстан Республикасының 1 еңбегі сіңген қызметкері, 8 «ҚР Мәдениет қайраткері», 3 қолөнершілер одағының мүшесі, 3 жасөспірім және республикалық сыйлықтарының иегерлері, 1- ҚазССР жастар сыйлығының лауреаты, 2 «Дарын» сыйлығының лауреаты жұмыс істейді.
Институт суретшілерді, музыканттарды, хореографтарды, дизайнерлерді және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындайды. Институттың оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық жұмыстары тек республикалық галереяларда ғана емес, сонымен қатар Швеция, Түркия, Франция, Корея, АҚШ, Ресей, Чехия, Канада, Оман, Малайзия, Үндістан және көптеген басқа мемлекеттердің жеке коллекцияларында кездеседі. Институт студенттері ұлттық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, «Музыкалық білім» және «Хореография» мамандығының студенттерінен тұратын фольклорлық ансамбль бар.
Институт Білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриатқа, 10 магистратураға және 5 докторантураға арналған 17 білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайды.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|