қазақша · русский · english
 
 
 

 

Филология және көптілді білім беру институты құрамына төрт кафедра кіреді. Институт бакалавриатта 14 білім беру бағдарламасы, магистратурада 16, PhD докторантурада 9 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.

 

Білім алушыларға 200 жуық жоғары білікті оқытушы дәріс оқиды, олардың ішінде 2 ҚР ҰҒА академигі, 4 МАНПО академигі, 24 ғылым докторы, профессор, 66 ғылым кандидаты, доцент, 19 PhD докторы бар. Соңғы жылдары 20-нан астам профессор ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантына ие болды.

 

Институт оқытушылары ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды белсенді жүргізуде, соңғы бес жылда 40-тан астам монография, оқулықтар мен оқу құралдары, 200-ден астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдар шығарылды.

 

Жас ғалымдар мен оқытушылардың ғылыммен айналысуға талпынысы жылдан-жылға артып келеді. Халықаралық ғылыми басылымдарға мақала жариялауда жастардың белсенділігі өте жоғары. Өткен оқу жылында институт бойынша Импакт-факторы бар журналдарда 20 жуық мақала жарық көрсе, соның тең жартысы жас ғалымдардың бастамасымен жарияланды.

 

PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша 4 кеңес жұмыс істейді.

 

Институт алыс-жақын шет елдердегі түрлі тілдік, білім беру және ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша институт білім алушылары Польша, Литва, Эстония, Түркия, Қытай, Ресей және т.б. шет елдерде ғылыми тәжірибеден өтеді.

 

Студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында институтта ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтқанда Қ.Жұмалиев атындағы ғылыми үйірме, «Сөзтаным», «Тілтаным», С.Сейфуллин атындағы әдеби бірлестік, «Поэтикалық жұма», «Тағылым», «Жас филолог» клубтары, «Тіл» үйірмесі, «Ағылшын тілі 21 ғасырда» (Modern English in the 21 century), «Китаист», ағылшын тілі клубтары (English Club «iCan»), «FilART» өнер клубы.

 

2019/2020 жылдары Импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар тізімі


2019/2020 жылдары жарияланған монографиялар тізімі


2019/2020 жылдары патенттер мен авторлық куәліктерді алған ПОҚ тізімі


2020 жылы біліктілігін арттырған ПОҚ тізімі


Жас ғалымдар ұтқан ғылыми жобалар


Конкурстардың, олимпиадалардың жеңімпаздары атанған студенттер мен магистранттар


2019/2020 жылдары Ғылыми шетелдік іс-сапарға шыққан ПОҚ, магистранттар мен докторанттар тізімі


 

5279