қазақша · русский · english
 
 
 

  

 

БІЛӘЛОВ ДАРХАН НҰРЛАНҰЛЫ

 

Дархан Нұрланұлы Біләлов - PhD докторы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетін (Northwestern University), Пенсильвания мемлекеттік университетін (Pennsylvania State University) бітірген. Назарбаев Университетінің «Талап» профессор-оқытушылар құрамын дамыту бағдарламасының және «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты.

 

Отандық және халықаралық білім берудің әртүрлі аспектілерін зерттеген, 2004 жылдан бастап ғылыми және басқа да жобаларға қатысқан. Дүниежүзілік Банк, БҰҰ Даму бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биотехнология орталығы сияқты ұйымдарда, сондай-ақ Американың екі университетінде: Солтүстік-Батыс университеті және Пенсильвания мемлекеттік университетінде жұмыс істеді. Соңғы 10 жылда әкімшілік қызметтерде болған және Назарбаев Университетінде сабақ берді. 2021 жылдың маусым айынан бастап «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректоры.

 

Ғылыми қызығушылықтары:

- Жоғары білімді басқару;
- Профессор-оқытушылар құрамы (ұтқырлық, халықаралық деңгей, өнімділік, қанағаттану);

- Интернационалдандыру;
- Әлемдік деңгейдегі университеттер;
- Жоғары білім берудегі ұйымдастырушылық өзгерістер.

  

24020