қазақша · русский · english
 
 
 

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ - ҰТЫМДЫ ТАҢДАУ

 

1928 жылы негізі қаланған Абай атындағы ҚазҰПУ - экономиканың барлық салалары үшін мұғалімдер мен ғылыми кадрлар даярлайтын еліміздің жетекші жоғары оқу орны. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Олар ертеңгі күнгі Қазақстанның әрі қарай дамуының стратегиясын анықтайды, оның әрі қарай тарихын жазады және Республикамызды әлемдік қауымдастықта танытады.

 

Басты міндет-бәсекеге қабілетті, прогрессивті ойлайтын, өзіне және қоғамға шығармашылық-жасампаздық қарым-қатынасы бар жаңа формациядағы педагогикалық кадрларды сапалы даярлау. Университет ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың танымал әдістерінің бірі институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу, халықаралық байланыстар болып табылады.

 

Университет шетелдік (ASIIN, Германия, ACGUIN (Германия), сондай-ақ қазақстандық аккредиттеу органдарымен (АРТА, БСҚА) ынтымақтастықта. 2012-2016 жылдар аралығында ASIIN және ACGUIN агенттіктері педагогика саласындағы бакалавриат және магистратураның 21 білім беру бағдарламасын аккредитациялады. 40 білім беру бағдарламасы қазақстандық аккредиттеу агенттіктерімен аккредиттелген, оның 18-і АРТА және 22-сі БСҚА-да аккредитациядан өтті.

 

2019/2020 оқу жылының басындағы жағдай бойынша ақпарат берер болсақ, университеттің 61 білім беру бағдарламаласы (31 бакалавриат, 24 магистратура және 6 докторантура) аккредиттелді, бұл жалпы білім беру бағдарламаларының 41% -ын құрайды. Барлық алынған сертификаттар сайтта жарияланған.


Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі-2020 рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздегі үздік төрт жоғары оқу орнының қатарына енді. Педагогикалық жоғары оқу орындары арасында біздің университет бірінші орынға ие болды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бағыттары бойынша университеттердің институционалдық рейтингінде қорытынды көрсеткіштер бойынша (24345) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында да бірінші орынға ие болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары арасында өз позициясын жақсартып келеді. QS World University Rankings-2022 жылдың қорытындысы бойынша #551-560 орында тұр (2021 -#601-650, 2020 - #561-570). QS EECA-2022 (Emerging Europe & Central Asia) халықаралық рейтингінде университет Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтағы 450 университет арасында 70-ші орынға ие болды. Абай университеті RankPro Worldwide Professional University Rankings рейтингінің ТОП-1000 үздік университетінің қатарына еніп, , әлемнің тіркелген 2425 ЖОО-нан 917-ші орынға ие болды.

QS World University Rankings by Subject 2022 нәтижелері бойынша Абай университеті пәндік рейтингі бойынша бірінші рет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына енді - «Білім және оқыту» мамандығы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» номинациясы бойынша 62-ші орын, ұпай саны - 71,6. Бұл көрсеткіш осы санатта ұсынылған қазақстандық және Орталық Азия университеттері арасындағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, университет өнер және гуманитарлық сала рейтингіне алғаш рет еніп, жалпы 64,5 ұпаймен 297-ші орынға шықты. Бұл санатта «Тіл білімі» мамандығы дүние жүзінде 201-250 орын алады (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында үшінші орында). QS World University Rankings by Subject - 2022 қорытындысы бойынша Абай университеті алғаш рет пәндік рейтинг бойынша кең ауқымды (Broad Subject Area) «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» саласына кіретін «Білім беру және оқыту» (Education and Training) мамандығы (Subject) бойынша 71,6 баллмен 62-орынға ие болып, әлемнің алғашқы жүз университеттерінің қатарына кірді. Сонымен қатар, университет алғаш рет «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» салалық рейтингіне еніп, жалпы 64,5 балмен 297-ші орын алды. Бұл санатта «Лингвистика» мамандығы әлем бойынша 201-250 позицияны иеленеді (ҚР ЖОО арасында 3-ші орын).

 

2022 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет QS Stars Rating System беделді халықаралық рейтингісіне қатысып, ықтимал бес жұлдыздың ішінен «4 жұлдыз» жоғары бағаға ие болып, 1000-нан 752 балл жинады.

БСҚА рейтингі бойынша еліміздің үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде Абай атындағы ҚазҰПУ қорытынды балмен 98,71% бірінші орынға ие болды. БСҚА рейтингіндегі нәтижелер бойынша университеттің ресми сайты Қазақстан Республикасының 101 ЖОО арасында құрметті бесінші, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары санатында бірінші орынға ие болды. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайты университет сайттарының ондығына енген болатын (2018 жылы 9 орын, 2016 жылы 26 орын, 2014 жылы 20 орын, 2013 жылы 25 орын).

 

Университеттің 2022-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес сегіз негізгі бағыт пен стратегиялық индикаторлар айқындалды, оларға қол жеткізу үшін ғылыми зерттеулерге қатысатын штаттағы профессор-оқытушыллар құрамының үлесін 33% - ға дейін, Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін халықаралық журналдардағы ПОҚ жарияланымдарын 20%-ға дейін, магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлесін 15%-ға дейін, бірлескен халықаралық зерттеулер саны - 7-ге дейін, шетелдік студенттердің үлесін - 5%-ға дейін, тартылған шетелдік оқытушылар саны - 10 адамға дейін, қос дипломдық білім беру бағдарламаларының саны - 20-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы артып келеді.Абай атындағы ҚазҰПУ үш беделді халықаралық ұйымның ұжымдық мүшесі болып табылады. Әлемнің 29 елінің жоғары оқу орындарымен 139 келісім-шарт жасалды, оның ішінде 12-і әлемдік университеттердің академиялық рейтингінің (The Academic Ranking of World Universities) үздік ТОП-500 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Олардың қатарындағы серіктес университеттер: TOP 500 QS WUR: Лос-Анджелестегі Калифорния университеті - 40; Цукуба университеті - 285; Ұлттық зерттеу университеті ЭЖМ - 305; Милан университеті - 316; Ресей халықтар достығы университеті - 317; Тяньцзинь политехникалық университеті - 334; Қазан федералды университеті - 347; Ресей Федерациясының бірінші Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті - 351; Вильнюс университеті - 400; Прагадағы Чех техникалық университеті - 403; Лейпциг университеті - 447; Гранада университеті - 492 және т.б.

Заманауи университеттің міндеттерінің бірі - барлық қызмет салаларында интернационалдандыруды дамыту. Оның құрамдас бөліктерінің бірі шетелдік білім алушыларды тарту болып табылатын осы бағдарлама шеңберінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттар желісі бойынша қабылданады.

 

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін әртүрлі халықаралық білім беру ұйымдарында өткізілетін конкурстардың нәтижелері мен стипендиялар ынталандыру болып табылады. Университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы қысқа мерзімді семинарлар, білім беру модульдері, «Tempus», «Erasmus+» халықаралық бағдарламалары, «Үздік оқытушы» гранты және т.б. арқылы жүзеге асырылады. 2021-2022 оқу жылында шетелдік іссапарларға (семинарларға, форумдарға және т.б. қатысу) шыққан ПОҚ мен қызметкерлер саны 27 адамды құрады, оның ішінде: дәріс оқуға - 2, ғылыми тағылымдамаларға - 5, конференцияларға, симпозиумдарға және ғылыми жобаларға қатысу - 20. 2021-2022 оқу жылында университеттің 14 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

 

Университеттің мәдени-танымдық бастамаларының бірі - ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасын дәріптеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Қытай, Вьетнам, Түркия, Ресейдегі Абай атындағы алты халықаралық білім беру орталығының ашылуына бастамашы болды: Слупск қаласындағы Помор академиясында (Польша); Іле педагогикалық университетінің Абай орталығы (ҚХР); Хошимин қаласындағы педагогикалық университетіндегі Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы (Вьетнам); Эрзинджан университетінің Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы (Түркия); Ханой ұлттық педагогикалық университетінің Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы (Вьетнам); Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Абай атындағы Қазақ-орыс ғылыми-мәдени орталығы (Ресей). Мәдениет және білім беру орталықтарының міндеті - Абай мұрасын насихаттау, елтану, мәдениет және Қазақстан тарихы бойынша түрлі іс-шаралар өткізу. Абай орталықтарының қызметі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне кіруіне, имидж саясатын жүзеге асыруға және оны шетелде ілгерілетуге ықпал етеді.

 

Болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылады. Олар: Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Филология институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Сорбонна-Қазақстан институттары.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді ұйымдастыру, ұстаз болуға тұрақты уәждері бар жастарды тәрбиелеу үшін Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) құрылды. Университеттің білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің 217 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде: бакалавриатта -95; магистратурада -79; докторантурада-43 мамандық бойынша білім беріледі.


Университеттегі тәрбие жұмысы дәстүрлі кураторлық қадағалау емес, «Тәлімгерлік жүйе» бойынша жүзеге асырылады. Бұл жүйенің ерекшелігі - барлық оқытушылар мен қызметкерлердің студенттерге тәрбие беруге түгел жұмылуында, бұл студенттердің 100% қамтылуын қамтамасыз етеді. Әрбір мұғалім және қызметкер барлық оқу кезеңінде 5 студентке тәлімгер болып табылады.

Университет заманауи материалдық-техникалық база мен дамыған инфрақұрылымға ие. Оқу үдерісі жалпы ауданы 55 мың м2. болатын 12 оқу ғимаратында жүргізіледі. Бұл 24 компьютерлік сынып, 15 лаборатория, 45 оқу және ғылыми зертханалар, 44 семинар, 38 интерактивті сынып бөлмелері бар.

 

Университет кітапханасының оқу залдары тек оқу ғимараттарында ғана емес, сонымен қатар студенттік жатақханаларда да жұмыс істейді. Кітапхана қоры 1 700 000 дананы құрайды. Онда оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, көркем әдебиеттің тамаша мысалдары шоғырландырылған. Кітапхана сондай-ақ XVIII-ші және XX-шы ғасырдың басындағы шет тілдеріндегі әлем әдебиеті мен сирек басылымдарының ең бай қоры болып табылады.

 

Спорт объектілерінің алаңы 100 мың шаршы метрден асады. Студенттердің белсенді демалысы мен салауатты өмір салты үшін спорттық және жаттығу залдары, футбол алаңы және «Спартак» спорт кешенінің жүгіру жолы бар. Университетте профилактикалық және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша медициналық орталық бар. Жыл сайынғы кешенді медициналық тексерулердің қорытындысы бойынша қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттердің жалпы сырқаттанушылық деңгейі төмендеу үрдісіне ие. Маңызды мәселе - ерекше және тұрақты бақылауда тұрған студенттердің тамақтануын ұйымдастыру. Оқу ғимараттарында 1 мыңға жуық м2. аумақты алып тұрған асханалар мен буфеттер жұмыс істейді. Университеттің бүгінгі күні жалпы ауданы 17 мың шаршы метрден асатын, Wi-Fi желісі бар, 5 жайлы жатақханалары бар.

 

XXI ғасырдың педагогтарын ең озық әдістемелер мен бағдарламалар негізінде дайындаудамыз! Біздің түлектер бүгінгі студенттердің қарқынды өзгеретін қажеттіліктерін болжауға ​​дайын мамандар.

 

 

 

 

56770