қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты білім және ғылым саласындағы түрлі шетелдік жоғары оқу орындарымен және халықаралық ғылыми орталықтармен тығыз жұмыс істейді. Жетекші шетелдік ғалымдар кафедраның магистранттарын, докторанттары мен оқытушыларын оқытып, ғылыми кеңесші ретінде жұмыстар жүргізеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің магистранттар мен докторанттар жақын (Беларусь, Ресей) және алыс (Түркия, Польша, Германия, Литва) шет елдерінің жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

 

Студенттер академиялық ұтқырлық аясында Еуропа, Түркия елдерінің жоғары оқу орындарына 1 семестрлік мерзімге оқуға барады. Ал 2023 жылы алғаш рет QS рейтингі бойынша әлемде 149-орында тұрған Indian Institute of Technology Bombay (Үндістанның Бомбей технологиялық институты) институтымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды және осы келісім шарт аясында төрт студентіміз Жазғы мектеп бағдарламасы бойынша 2 аптаға жіберілді.

 

2019 жылдан бастап В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей, Красноярск) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде 44.04.01 «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік нысанды пайдалана отырып) қос дипломды білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.

 

Институттың халықаралық ынтымақтастықта және шетелдік жоғары оқу орындарымен, ұйымдармен серіктестікте: Ресей білім академиясы (Мәскеу қ.), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Мәскеу қ.), К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және менеджмент университеті (Мәскеу қ.), Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Мәскеу қ.), Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университеті (Курск қ.), С.Соболев атындағы Ресей ғылым академиясының Сібір филиалының математика институты (Новосибирск қ.), В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті (Красноярск қ.), Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Омбы қ.), Илецк мемлекеттік университеті (Илецк қ.), Новосібір мемлекеттік университеті (Новосибирск қ.), Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының математика институты (Ташкент қ.), Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (Ташкент қ.), Қырғыз білім академиясы (Бішкек қ.), Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Бішкек қ.), Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Бішкек қ.), Кувейт халықаралық университеті (Бішкек қ.), Сантьяго-де-Компостела университетінің Галисия математикалық зерттеулер және технологиялар орталығы (Сантьяго де Компостела, Испания), Кернтен/Виктор Франкл білім университеті (Австрия) және т.б.