қазақша · русский · english
 
Ғылыми- зерттеу қызметі
     
     

     

    Институттың ғылыми-педагогикалық қызметі математика, физика және информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне шешуге бағытталған, сонымен қатар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру жүйесіне енгізуге байланысты.


    Цифрлық университетті құру үшін институт теориялық және практикалық тәсілдерін белсенді түрде дамытады. Институттың зерттеу басымдықтарының бірі - STEM білім беру.


    2018 жылдың басында жанынан Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері бойынша халықаралық ғылыми зертхана ашылды.


    2018 жылдың қазан айында Педагогикалық STEM-парк құрылды. Оның мақсаты Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне робототехника мен мехатрониканы дамыту үшін инновациялық технологияларды ендіру болып табылады.


    2018 жылы Bilim Media Group ұйымымен бірлесіп BilimLab білім беру ресурстар орталығы ашылып, орталықта Bilimland платформасында он-лайн, оф-лайн түрінде жұмыс жасау мүмкіндігі бар.


    Институтта философия докторы (PhD) профиль бойынша, доктор дәрежесін беру үшін, 3 диссертациялық кеңес жұмыс істейді:
    1. «8D01501-Математика»(Білім), Кеңес төрағасы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі А.Е. Әбілқасымова.
    2. «8D01507-Информатика»(Білім), «8D06101- Информатика», Кеңес төрағасы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Ы. Бидайбеков.
    3. «8D01504- Физика»(Білім), «8D05302 - Физика», Кеңес төрағасы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі В.Н. Косов.
    Институтта ғылыми-әдістемелік семинарлар жұмыс істейді:
    1. «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері», жетекшесі - п.ғ.д., профессор Е.Ы. Бидайбеков.
    2. «Мектепте және университетте физика-математикалық пәндерді оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздері»,жетекшесі - п.ғ.д., профессор А.Е. Әбілқасымова.
    3. «Математикалық және компьютерлік модельдеудің дифференциалдық теңдеулерінің қазіргі мәселелері»,жетекшесі - ф.-м.ғ.д., профессор А.С. Бердышевжәне «Математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері және олардың қолданылуы».
    4. «Физика»,физика кафедрасының семинары, жетекшесі - ф.-м.ғ.д., профессор В.Н.Косов.


    Сондай-ақ институт қызметіне қатысты білім беру саласының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік семинарлар үнемі өткізіліп тұрады.


    Жыл сайын студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, олардың нәтижелері бойынша зерттеу жұмыстары туралы есеп беруге мүмкіндіктер қарастырылған.

     

    2020 жылы Импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар тізімі

    4039