қазақша · русский · english
 
 
 
 Ошанова Нұржамал Тұрашқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қаумдастырылған профессор м.а.
Төле би көшесі, 86
 8-727-261-15-76; 8-701-655-48-28
nurzhamal_o_t@mail.ru

 

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы 1984 жылы ашылып, есептеуіш математика және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы деп аталған. Оны Абай атындағы ҚазПИ-дің бұрынғы ректоры ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі, профессор К.А. Қасымов басқарған. Оның жетекшілігімен ұжым пайда болды, оның құрамына белгілі ғалымдар Иркегулов Ш.Т., Жаңбырбаев Б. С. (1928-2007), Ахметов М. Ж., Накесбеков Б. К., Гольцер Я.А., Медеуов Е. У. және т.б. кірді. 1985-2020 жылдар аралығында кафедраны информатика және білімді ақпараттандыру саласындағы ұлттық ғылыми мектептің негізін қалаушы профессор Е.Ы. Бидайбеков басқарды. 2020 жылдың қазан айынан бастап педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Т. Ошанова басқаруда.


1987 жылы кафедра информатика және есептеу техникасы деген атаумен аталды, ал 1993 жылдан бастап информатика және қолданбалы математика кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның қызметі «Информатика» мамандығы бойынша кадрлар даярлауға бағытталған, онда қолданбалы математика және информатиканы оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.


2010 жылдан бастап кафедра бұрынғы атауымен магистратура және PhD докторантура институтының құрамына кірді. 2011 жылдың басында кафедрада математика мамандығы бойынша дайындықты жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. 2011 жылдың қыркүйек айында кафедра механика мамандығы бойынша дайындықты бастады, осыған байланысты ол информатика және механика-математика мамандықтары кафедрасы болып өзгертілді. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап математика және механика мамандықтары бойынша дайындық басқа кафедрада жүзеге асырыла бастады. 2014 жылы кафедра Математика, физика және информатика институтының құрамына кірді. Институттың қайта құрылуына байланысты 2016 жылы Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы Информатика және қолданбалы математика кафедрасымен біріктірілді.


2018 жылдың басында кафедра жанынан Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері бойынша халықаралық ғылыми зертхана ашылды.


2018 жылдың қазан айында Педагогикалық STEM-парк құрылды. Оның мақсаты Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне робототехника мен мехатрониканы дамыту үшін инновациялық технологияларды ендіру болып табылады.

 

2018 жылы Bilim Media Group ұйымымен бірлесіп BilimLab білім беру ресурстар орталығы ашылып, орталықта Bilimland платформасында онлайн, офлайн түрінде жұмыс жасау мүмкіндігі бар.


Бүгінгі таңда кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру және ғылыми информатика саласында үздіксіз мамандар даярлайды:

- Бакалавриат:

6В01507 - Информатика;

6В01508 - Информатика ағылшын тілінде;

6В01509 - Информатика және робототехника;

 

- Магистратура:

7М01507 - Информатика;

7М01508 - Информатика ағылшын тілінде;

 

- Докторантура:

8D01507 - Информатика;

 

Қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушылар құрамын 1 - ҚР ҰҒА академигі, 1 - ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 9 -профессор , 15 - доцент, 5- п.ғ.к., аға оқытушы, 7 - PhD, аға оқытушы, 11 - магистр, аға оқытушы, 9 - магистр, оқытушы құрайды.

 

Жетістіктер мен марапаттар

 

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы 2019 жылы университеттік рейтинг нәтижесі бойынша 1-ші орын алып, университеттің «Үздік кафедрасы» атағына ие болды.

 

Сонымен қатар Республика көлеміндегі жоғары оқу орындары арасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жасаған 2020 жылғы нәтижесі бойынша «6В01507 - Информатика» мамандығы 2-ші орын, «7М01507 - Информатика» мамандығы 2-ші орын, «8D01507 - Информатика» мамандығы 1-ші орынды иеленді.

 

Бүгінде кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын алған ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет істейді: Е.Ы. Бидайбеков (2007 ж., 2012 ж.), Н.С. Заурбеков (2008 ж.), А.Е. Сагимбаева (2010 ж.), Г.З Халикова (2012 ж.), Ш.Т. Шекербекова (2013 ж.), К.А. Искакова (2013 ж.), Г.А. Абдулкаримова (2014 ж.), Б.С. Ахметов (2017 ж.) , Н.Т. Ошанова (2017 ж.), Б.Г. Бостанов (2018 ж.), Д.Н. Исабаева (2019 ж.), А.Е. Сагимбаева (2021 ж.), С.Н.Конева (2021ж.)


Кафедрада «Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері» ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді. 8D01507 - Информатика бейіні бойынша философия докторы (PhD) доктор дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық Кеңес ашылды.

 

Кафедраның халықаралық байланыстары


Кафедра шетел ЖОО-мен халықаралық байланыстарын белсенді түрде дамытуда. Қазіргі таңда әлемнің көптеген мемлекеттерінің белгілі ғалымдарымен өзара ынтымақтастық жүзеге асырылуда: Ресей: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті; Оңтүстік Корея: Keimyung Университеті; Украина: Биоресурстар және табиғатты пайдалану ұлттық университеті; Түркия: Erzincan Binali Yildirim университеті және т.б.

2019 жылы В.П. Астафьев атындағы КМПУ-мен (Ресей, Красноярск) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде дайындық бағыты 44.04.01 Педагогикалық білім беру, білім беру бағдарламасының бағыты (профилі) «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік форманы қолдана отырып) қосдипломдық магистрлік бағдарлама әзірленді.

 

7914