қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Ошанова Нұржамал Тұрашқызы

Ошанова Нұржамал Тұрашқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Ошанова Н.Т. 1977 жылы 15 қарашада Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Жалпы еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі 17 жыл.

2003 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ассистент, оқытушы, аға оқытушы,  қауымдастырылған профессор м.а. қызметін атқарды. 2020 жылдың қазан айынан  Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Н.Т.Ошанованың  128-ге жуық ғылыми-еңбектері жарық көрген, оның ішінде: Scopus базасында - 4, Web of Science базасында - 2 мақала, монография -2, оқулық,  оқу (оқу-әдістемелік) құралдар саны  - 10, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігі - 1. Ол Информатика мамандығы бойынша  (бакалавр, магистратура, докторантура) типтік оқыту бағдарламалары, білім беру бағдарламарының авторы. Оның жетекшілігімен 1 докторлық диссертация қорғалды (6D011100 - Информатика мамандығы бойынша философия доктор дәрежесі (PhD)). Хирша индексі -2.

Өзінің кәсіби және педагогикалық біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті, жоғары

Информатика оқытушысы және компьютерлендіру менеджері

2000 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, аспирантура

13.00.02- Оқытудың әдістемесі мен теориясы (информатика)

2003 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Педагогика  ғылымдарының кандидаты

13.00.02- Оқытудың әдістемесі мен теориясы

2007 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Информатика тарихы

Информатика  және робототехниканы оқытудың инновациялық әдістері

Білім берудегі цифрлық технологиялар

Білімді ақпараттандыру және оның мәселелері

Цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқытудың әдістемесі

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми жобалар:

2015-2017 жж. «Әл-Фарабидің математикалық мұралары заманауи  білім беру жағдайында» (ҚР БҒМ, орындаушы).

2020 ж. «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін енгізуді және оқып үйренуді цифрландыру» (Абай атындағы ҚазҰПУ, Жобаның қосалқы жетекшісі).

 

 ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1. Abuova, A., Lakhno, V., Oshanova, N., Yagaliyeva, B., Anosov, A. Conceptual Model of the Automated Decision-Making Process in Analysis of Emergency Situations on Railway Transport. Lecture Notes in Business Information Processing, 2019, P.153-162, VOL375 (Springer), DOI: 10.1007 / 978-3-030-37632-1_14, Индекс цитирования 33, процентиль 38 (хат-хабар үшін автор).

2. Omarov B., Omarov B., Shkerbekova Sh., Gusmava F., Oshanova N,... Applying FaceRecognition in Video Surveillance Security System. International Conference on Objects, Components, Models and Patterns, 2019, P. 271-280, VOL 11771 (Springer). DOI: 10.1007 / 978-3-030-29852-4_22, Индекс цитирования 40, процентиль 51.

3. Oshanova, N., Anuarbekova, G., Shekerbekova, S., Arynova, G. Algorithmization and programming teaching methodology in the course of computer science of secondary school. Australian Educational Computing (2019) 34 (1), ISSN: 1443833X, Индекс цитирования 21, процентиль 33.

4. Оshanova N.T., Turashova Sh.P. Using of the CLIL methology in informatics of digital education. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы, - Алматы, №2 (62), 2018ж., - Б.169-172, ISSN 1728-7901

5. Ошанова Н.Т., Буканова А.Қ. Болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда метапәндік оқытуды пайдаланудың маңыздылығы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Физика-математика ғылымдары» сериясы, - Алматы, 2019ж., №1(65), -Б. 291-295.

 

МАРАПАТТАРЫ

-  ҚР БҒМ 2017 жылғы ЖОО-ның Үздік оқытушысы.

- Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім беру ісінің заманауи талаптарына сай кәсіби құзырлы педагог дайындауға қосқан үлесі үшін» алғыс хаты, 2018ж.;

-  Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл»  мерекелік төсбелгісі, 2019ж.;

-  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз», 2020ж.

 

 


← Кері оралу