қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Ошанова Нұржамал Тұрашқызы

Ошанова Нұржамал Тұрашқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Ошанова Н.Т., 1977 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Жалпы еңбек өтілі 23 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 20 жыл.

2003 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қызмет атқарады. 2003 жылы  Информатика және қолданбалы математика кафедрасында ассистент қызметін, 2004 жылдан осы кафедрада оқытушы қызметін атқарды.  2007 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ауысып,   2011 жылдан бастап  доцент міндетін атқарушы қызметін атқарды. 2015 жылдан Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. қызметін атқарды. 2020 жылдың қазан айынан  Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білімді ақпараттандыру саласы бойынша 3 PhD доктор, 15-тен астам педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындаған.

Абай атындағы ҚазҰПУ, 8D01507 - Информатика білім беру бағдарламасы философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес Төрағасының  орынбасары.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті

 

Информатика оқытушысы және компьютерлендіру менеджері

2000 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

(аспирантура)

13.00.02- Оқытудың әдістемесі мен теориясы (информатика)

2003 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Педагогика  ғылымдарының кандидаты

13.00.02- Оқытудың әдістемесі мен теориясы

2007 ж.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақтың атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Қауымдастырылған профессор

13.00.00-Педагогика

2022 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Информатика  және робототехниканы оқытудың инновациялық әдістері

Білім берудегі цифрлық технологиялар

Цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқытудың әдістемесі

 

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Н.Т.Ошанованың  128-ге жуық ғылыми-еңбектері жарық көрген, оның ішінде: Scopus базасында - 8, (Scopus хирша - 4), Web of Science базасында - 2, (WoS хирша- 1), ҚР БҒМ бақылау комитеті тізіміндегі журналдарда жарық көрген мақалалар - 22, монография, оқулық,  оқу (оқу-әдістемелік) құралдар саны - 6, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігі - 3.

 

МАРАПАТТАРЫ

-  ҚР БҒМ «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2017», Мемлекеттік гранты;

- Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім беру ісінің заманауи талаптарына сай кәсіби құзырлы педагог дайындауға қосқан үлесі үшін» алғыс хаты, 2018ж.;

- Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл»  мерекелік төсбелгісі, 2019ж.;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісі, 2020ж;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2020 жылғы  «Семестрдің үздік қызметкері» конкурсының жеңімпазы;

- ҚР БҒМ Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы (№0170, желтоқсан, 2020ж.).

 

 


← Вернуться назад