қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы әлемнің жетекші университеттерімен және ғылым мен білім берудің түрлі халықаралық зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста.

 

Белгілі шетелдік ғалымдар кафедраның магистранттарын, докторанттары мен оқытушыларын оқытады, ғылыми кеңесші ретінде әрекет етеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің магистранттар мен докторанттар Түркияда, Польшада және басқа мемлекеттерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

 

Институт студенттерінің академиялық ұтқырлығы "Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары" ҚР БҒМ бұйрығының 5-тармағына және студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы бойынша ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Кафедрада академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдамалар, бірлескен ғылыми жобалар, симпозиумдар, семинарлар мен конференциялар бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттер тұрақты алмасады.

 

Шетелдік серіктестер

 

ЖОО атауы

Мемлекет

1

В.П.Астафьева атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті

Ресей

2

Мәскеу қалалық педагогикалық университеті

Ресей

3

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Ресей

4

Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті

Ресей

5

Елец мемлекеттік университеті

Ресей

6

Новосібір мемлекеттік университеті

Ресей

7

Ғылым Академиясының математика және ақпараттық технологиялар институты

Өзбекістан

8

Измир университеті

Түркия

9

Печ  университеті

Венгрия

10

 Сантьяго де Компостела университеті

Испания

11

Каунас технологиялық университеті

Литва

12

Таллин университеті

Эстония

13

Кернтен педагогикалық университеті

Австрия

14

 Русе Университеті

Болгария