Оңтүстік астананың ақпараттық қақпалары
28.04.2017
Жаңалық
Алматыға соңғы кездері келгендер әуежайдағы жаңашылдыққа көңіл аударған болар. Жолаушылардың терминалының орталық залында қонақтарды посткеңестік кеңістікте жоқ ақпаратты интербелсенді тақта қарсы алып тұр.
Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығының директоры Рустем Асенов былай деді:
- Жаңа ақпарттық тақта қысқы Универсиядаға арнайы дайындалған. Жасалу барысында ең соңғы, заманауи дизайн мен технологиялар қолданылған. Қазақстанның оңтүстік астанасының туристік потенциалын ашу үшін қазіргі таңда digital-амалдар қолданылуда. Сондықтан осы ақпараттық тақтада адам қимылына жауап қайтаратын сенсорлық панель мен экран қолданылған.
Соның өзінде тірі қатынасты ештеңкемен алмастыра алмайтындықтан кеңесшіге жұмыс орны қарастырылған. Кеңесші кез-келген сұрақтарға жауап беріп, баспадан шыққан үш тілді өнімдер: жолбасшы, карта, буклет таратылады. Қытайлық туристерге Алматы туралы қытай тілінде журнал бар.
Үлкен экранға арнайы кинект-технологиялар және «Телеойын» қызықты бағдарламасы құрастырылған.
Қонақтар қала туралы (қонақүй, жол, тамақтану, ауа-райы, көрікті жерлер) толық ақпаратты сенсорлық панельде ала алады. Сонымен қатар туристік контентке толы VisitAlmaty.kz сайты да қолжетімді.
Ақпараттар «Мир путешествий» №2(49) 03-04/2017 журналынан алынды.