қазақша · русский · english
   
Басшылық
24.05.2017

Алматыдағы Венгрия орталығы

Жаңалық
28.04.2017

 

         Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына орай Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих пен құқық институтында 12 сәуір күні Алматы қаласындағы Венгрия бас консулдығының қатысуымен Қазақ-Венгрия мәдени-білім беру орталығының ашылуы өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры Мүбарак Ермағанбетов: «Абай университеті Қазақстандағы 1928 жылы негізі қаланған ең алғашқы оқу орындарының бірі.
Бүгінде білім саласындағы халықаралық интеграция мен әлемге ортақ білім беру кеңістігін апаратын жаһандану үдерісіне тартылғанбыз. Сондықтан ортақ идея мен міндеттері бар адамдардың тірі байланысы керек. Осы орталықтың ашылуы осы үдерістің дәлелі» -деді.
    Венгрияның бас консулы Ференц Блауманн өз сөзінде «Венгрияның кітаптар бұрышы» екі ел арасындағы қатынасты дамытуға жасалған бірінші қадам.
      Орталық тек қана Венгрияның тарихы мен мәдениетін ғана насихаттамай, сонымен қатар венгр тілін үйренуге мүмкіндік беретіндігін және жақын арада Венгриядан тіл үйрететін білікті ұстаз келетінін айтты.
     Венгриялық дипломат өз елінде де қазақ тілі мен мәдениетін үйрететін университет бар екендігін және бос уақытта сабақ беретіндігін сөз етті.
    Айтпақшы, қол қойылған шарт бойынша екі ел арасында қазақстандық студенттерге гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтарын қамтитын стипендиялық бағдарлама төртінші жыл жүзеге асып келеді.
   Осы бағдарлама аясында венгриялық жақтан Қазақстан азаматтарына 45 грант берілсе, ендігі уақыттан бастап 200 дейін көбейту қолға алынды.

Ақпараттар «Мир путешествий» №2(49) 03-04/2017 журналынан алынды.

 

 




Кері оралу