Басшылық
10.07.2017
Алғыс хат Еліміздің киелі оқу шаңырағын басқарып отырған Балықбаев Т.О мырзаға және ҚазҰПУ-дың іскер ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз "Балтистика" бағдарламасы бойынша 4 айға Литваның астанасы Вильнюс қаласында "Эдукологиялық LEU " университетінде оқуға мүмкіндік алдық. Бұл біз үшін үлкен қуаныш және керемет тәжірибие болды. "Аударма ісі" мамандығы бойынша ағылшын тілінде білім алып, қосымша "литва" тілін меңгердік. Халықаралық қатынас мәдениетін, көпұлтты топтың арқасында әр елдің тыныс-тіршілігімен терең танысу үдерісінде-коммуникативтік қабілетімізді дамыттық. Еуропаның тарихы бай 8 елдерін аралап, архитектурасы әлі күнге дейін сақталған мұражайларды қарап дүниетанымымызды кеңейттік. Әрине, осындай мүмкіндікті әлемнің мықты елдерінің университеттерімен шебер дипломатиялық қатынасты орната білген "Халықаралық бөлімнің" ұжымына Нұрбану Әділбекқызына және Гүлнара Маратқызына алғысымыз шексіз! ҚазҰПУ оқытушылары студенттер мен магистранттарға сапалы білім беріп, нағыз мықты мамандарды даярлауда үздіксіз еңбек етіп келеді, біз оны бағалаймыз, алғысымызды білдіреміз. Осындай болашаққа жарқын жол сыйлаған үздік оқу орнында оқу біз үшін биік мәртебе!
Ізгі ниетпен: Арыстан Гүлжайна, Сотникова Света ("Аударма ісі", 1-курс магистранттары) Айша Амирбай ("Халықаралық қатынастар", 1-курс бакалавр (Сорбонна))
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|