қазақша · русский · english
   
Басшылық
19.10.2017

Қазақстандағы Франция елшісімен  кездесу

2017 жылдың 13 қазанында , Қазақстандағы Францияның жаңадан тағайындалған елшісі Филипп Мартинет мырзамен кездесу өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т.О. Балықбаевтың Франция елшісі Филипп Мартинетпен кездесуінің негізгі мақсаты Сорбонна-Қазақстан институтымен таныстыру және институтты ары қарай дамыту жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылау.
Кездесу барысында Сорбонна Париж Cите және Леон Католик университеттерімен Эразмус+ бағдарламасы аясында студенттермен алмасу бойынша сұрақтар қарастырылды, сондай-ақ дидактика зертханалары және география бойынша бірлескен ғылыми жоба негізінде ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері де ойластырылды және SAPIENS бағдарламасы (оқытушыларды сандық жүйеге өту мәселесі бойынша қызмет) мен PERL (лингвистикалық қорларды өңдеу қызметі, қашықтықтан тілдік оқыту) енгізу мәселелері бас назарға алынды.

 




Кері оралу