қазақша · русский · english
   
Басшылық
18.10.2017

 DAAD Герман академиялық алмасу қызметінің ақпараттық күні


Абай атындағы ҚазҰПУ DAAD Герман академиялық алмасу қызметімен бірге «DAAD бағдарламасының ақпараттық күні» атты іс-шара өткізді. Іс-шара аясында, DAAD өкілдері аталмыш бағдарлама туралы ақпараттар мен ықтимал шәкіртақылар тулары мәліметтер ұсынды.
DAAD Германияның академиялық алмасу қызметі - студенттер және зерттеушілершілердің халықаралық алмасуды қолдау бойынша әлемдегі ең ірі ұйым. 2015 жыл бойынша DAAD 239 неміс ЖОО-мүшелерін және 122 студенттік ұйымдарды біріктірді және сыртқы мәдени саясатты ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ Германияның жоғары білім саясаты мен зерттеулер аясындағы делдал болып табылады. DAAD-тың орталық кеңсесі Бонн қаласында орналасқан. DAAD студенттер мен ғалымдардың академиялық алмасу бағдарламаларын қаржыландырады, германистика мен неміс тілін үйренуді қолдайды, Германияда оқу және зерттеу мүмкіндіктері туралы ақпарат береді және неміс ЖОО-ның беделінің жоғарлауына ықпал етеді. DAAD-тың әлемде 15 шетелдік өкілдіктері мен 55 ақпараттық орталықтары бар.
DAAD -тың Алматыдағы ақпараттық орталығы 90-жылдардың басында жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде, 3700 астам қазақстандық студенттер мен ғалымдар DAAD шәкіртақысы арқылы Германияда оқып, зерттеулер жүргізді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында неміс ғалымдары мен профессорлары да аталмыш бағдарлама арқылы жұмыс істеді.

 

 

 




Кері оралу