
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
08.06.2020 Физика кафедрасы студенттерінің дипломдық жұмыстарын қорғау 
 2020 жылдың 8 маусымында Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасында «5В011000-Физика» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстары Meet арқылы онлайн режимінде қорғалды. Іс - шараға комиссия төрағасы Махатма Ганди атындағы № 92 мектеп-лицейінің директоры - Е. Е. Жиенбаев, кафедра меңгерушісі Владимир Косов, сонымен қатар комиссия мүшелері және студенттердің ғылыми жетекшілері қатысты. 
 Түлектер жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы баяндама жасады. 
 Іс - шара барысында түлектер жақсы дайындалғандықтан, жұмыстары жоғары бағаланды. МАК комиссиясының шешімімен бітірушілерге «5В011000-Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі берілді. 
 
 
 
 Физика кафедрасы  |