14.01.2021
Тарих және құқық институтында студенттермен онлайн-кездесу өтті
2021 жылдың 13 қаңтарында  Тарих және құқық институты академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы 1-4 курс студенттерінің қатысуымен «Университетте 2020/2021 оқу жылында көктемгі семестрді ұйымдастыру туралы»  вебинар өткізілді.  Кафедра меңгерушісі  Бауыржан Жангуттин 2020/2021 оқу жылының Академиялық саясаты мен күнтізбесіне сәйкес көктемгі семестр бойынша  оқу үдерісінің  онлайн-форматта және жоспарлары  ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде ағымдағы жылдың наурыз айында студенттер оқуға шақырылатындығы ескертілді.
 
  
  
 
 