қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.01.2021

Webometrics: Абай университеті тағы да үздіктер қатарынан көрінді

 

   

 

Бүгін, 29 қаңтарда Webometrics Ranking of World Universities-2021 әлемнің үздік жоғары оқу орындары веб-сайттарының кезекті халықаралық рейтингі жарияланды. Аталған тізімде әлемнің 15 843 университеті сайтының арасында Abai University сайты 4 596-шы орынды иеленді. 2020 жылғы шілдедегі (4 995) көрсеткішпен салыстырғанда елдегі тұңғыш жоғары оқу орны 399 позицияға көтерілді.

 

Әлемдік рейтингке Қазақстан Республикасының 125 ЖОО кіреді. Webometrics-тен алынған жаңа мәліметтерге сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ 7-ші орынға ие болып, қазақстандық ТОП-7 үздік университеттердің қатарына кірді (2020 ж. - 8 орын). Ғылыми көрсеткіштер бойынша (Excellence Rank*) бұл рейтингте Абай университеті 5-ші орында!

 

Университеттің ғылыми қызметін талдау үшін қолданылатын web-индикаторлар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаншалықты қатысатынын анықтауға мүмкіндік береді. Cybermetrics Lab әдістемесі бойынша үш индикатор: Impact, Openness, Excellence негізінде университет қызметін бағалау алгоритмі құрылған.

 

Ректор Такир Балықбаевтың басшылығымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлемдік рейтингтегі көрсеткішінің жыл сайынғы ілгерілеуі оқу орнының әлемдік жоғары білім беру жүйесіндегі орнықты позициясын тағы да растайды. Халықаралық рейтингтерге қатысу университетті әлемдік ғылыми кеңістікте орнықтыруға, халықаралық білім беру ортасына енуге, білім беру мен ғылыми-зерттеу үрдісін халықаралық ережелер мен стандарттармен үйлестіруге, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және дамудың жаңа бағыттарын қарастыруға мүмкіндік береді.

 

Абай университеті өзінің позициясын әлемнің ғылым және білім беру нарығының жетекшілерімен бөлісе отырып, Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орны болып табылады.

 

Айта кетейік, Webometrics рейтингі - бұл университеттің сайты мен ғылыми зерттеушілердің Scopus және Google Scholar жүйелеріндегі жарияланымдарының маңыздылығын ескеретін, біріктірілген көрсеткішке негізделген әлемдік университеттердің жаһандық рейтингі.​

 

 

29.01.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



5

Кері оралу