
 
|  Негізгі бет 
Жаңалықтар 
04.02.2021 «Семестрдің үздік қызметкері» мақтау қағазының иегері 
 2021 жылдың 3 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Жаңалық Балтабаева «Семестрдің үздік қызметкері» мақтау қағазымен марапатталды. 
 Аталған конкурс 2020/2021 оқу жылындағы бірінші семестрдің қорытындысы бойынша университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында өткізілді. Марапаттау рәсімі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаевтың қатысуымен өтті. 
 |