қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.02.2021

Студенттер арасында English Speaking Club ұйымдастырылды

 


 

5 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология және көптілді білім беру институты шетел тілдері кафедрасында 1-2 курстарға арналған English Speaking Club ұйымдастырылды. ESC-қа студенттер мен оқытушылар қатысып, белсенділік танытты. Спикер - Оранг Шабдиз, ұйымдастырушы - шетел тілдері кафедрасы болды.

 

Аталған іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты адамдарды тілдік ортаға бейімдендіру, оларды сөйлесуге және достар табуға көмектесуге, тілдік тосқауылды жоюға мүмкіндік береді. ESC барысында шетелдік Оранг Шабдиздың қатысуымен студенттер ағылшын тілінде сөйлесу арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Спикер студенттерге қосымша мотивациялық кеңестер беріп, көңілді өткізді. Себебі, тек тілдік ортаға ену білімді сенімді меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын ағылшын тілінде мықтап бекітуге мүмкіндік береді.

 

09.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com