қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.02.2021

Жазу реформасы: Латынграфикалы жаңа әліпби және оның қолданысы

 



2021 жылы 12 ақпанда ZOOM платформасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 28 қаңтарда өткен Ұлттық комиссия отырысындағы қазақ тілі әліпбиін мамандар арасында кең ауқымда түсіндіру тапсырмасы бойынша «Жазу реформасы: латынграфикалы жаңа әліпби және оның қолданысы» дөңгелек үстел өткізілді.

 

Дөңгелек үстел латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, соңғы әліпби нұсқасын талқылаудан өткізу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Дөңгелек үстел барысында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, профессор Әлімхан Жүнісбек, профессор Айман Алдашева және ф.ғ.д. Құралай Күдеринова баяндама жасады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д. Жұбаева Орынай, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ф.ғ.д. Қаламқас Қалыбаева, ҚазҰПУ түлегі, доцент, Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан Еділ Оспанов және т.б. қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жаңа әліпби нұсқасына қатысты пікірлерін білдірді.

 

Іс-шараға ЖОО оқытушылары (әл Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті), мектеп мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО орталығының тренерлері, ұстаздар, магистранттар және докторанттар қатысты.

 

 

15.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz



7

Кері оралу