қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.02.2021

«Дене шынықтыру» пәні білім беру стандарттарынан алынбайды

 

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Дене шынықтыру» пәні Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан алынып тасталуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

 

Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ төрағасының міндетін атқарушы ректор Такир Балықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Дене шынықтыру» пәні Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан алынып тасталуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні мұндай бұйрық жоқ және бұл мәселе нақты талқыланып жатқан жоқ», - дейді Абай атындағы ҚазҰПУ төрағасының міндетін атқарушы ректор Такир Балықбаев.

 

Оның айтуынша, сарапшылар мен оқытушылар тарапынан мықты шешімдер, ал кейде тіпті қисынға келмейтін ұсыныстар түсіп отырады.

 

«Бірақ, қазіргі уақытта университеттер академиялық еркіндікке ие, сондықтан мұндай мәселелерді дербес, университет деңгейінде шешетін мүмкіндігі бар. Бұл сұраққа тіпті кез келген жоғары оқу орнының академиялық департаменті де жауап бере алады», - дейді ол.

 

 

12.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: inform.kz



6

Кері оралу