қазақша · русский · english
   
09.03.2017


2016/2017 оқу жылы

ОӘК белсенді жұмысын жалғастыруда

1. Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика мен психология кафедрасы мен Алматы қаласындағы №159 мен №8 мектеп-гимназия КММ-мен ынтымақтастық туралы шарт жасалған.
2. Өзекті тақырыптарға семинарлар өткізілді:

- 11.11.2016ж. №8 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Қазіргі заманғы жасөспірімдердегі интернет-тәуелділікті алдын алу» тақырыбында п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. кеңес жүргізді.

- 09.01.2017ж. №8 мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне «Мұғалімнің түлектермен жұмысы» (Жаңа үлгідегі ҰБТ дайындық мәселесі) тақырыбына п.ғ.д., профессор Хан Н.Н. семинар өткізді.

- 28.01.2017ж. №8 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларының «Достық маған барлық істе көмектеседі» тақырыбында п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. тренинг сабақ ұйымдастырып өткізді.

- 30.01.2017ж. №132 гимназияның мұғалімдеріне «Педагогтардың күйіп кетуін алдын алу» тақырыбында семинарды п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. өткізді.

- 08.02.2017ж. педагогикалық колледждердің оқытушыларына «педколледждердегі курстық жұмыстар - педагогқа көмекші» тақырыбында семинарды п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. шеберлік сағатын өткізді.

Мектеп пен колледждердің психологиялық қызметіне әдістемелік және кеңестік-тәжірибелік көмек көрсету шеңберінде өткізілген шаралар:
- 10-11.02.2017ж. №132 мектепте «Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын алу» тақырыбында ата-аналарға семинар өткізілді.
Семинарды дайындап өткізген:
5-11 сынып оқушарының ата-аналарына психол.ғ.д., профессор Сангилбаев О.С.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О.

Үнемі мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарына әдістемелік және кеңестік жәрдем жасалып отырады.




Кері оралу